Сенбі, 23 Қараша 2024
1792 4 пікір 9 Қаңтар, 2023 сағат 16:16

"Біреуді балағаттаған адам 69 мың теңге айыппұл төлейді"

Қоғамдық орында балағат сөз айтқандарға айыппұл мөлшері көбейді. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті басқармасы басшысының орынбасары Азамат Құрымбаев айтты.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің жаңа редакциясында қоғамдық орындарда балағат сөз айту, адамдарды қорлау мен қудалау, ғимараттарды, құрылыстарды, тұрғын үй-жайларды, ортақ пайдалану орындарын, көліктегі және қоғамдық орындардағы мүлікті бүлдіру, айналадағы адамдарға құрметсіздік таныту, қоғамдық тәртіпті және адамдардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер ұсақ бұзақылық болып саналады», - деді Құрымбаев онлайн брифингте.

Оның сөзінше, бүгінде мұндай заңбұзушылыққа 5 АЕК (17 250 теңге, 1 АЕК – 3 450 теңге) айыппұл немесе 15 тәулікке қамауға алу жазасы қарастырылған. Заңға енгізілген жаңа өзгеріске сай, енді айыппұл көлемі 20 АЕК (69 мың теңге) болмақ немесе 5-30 тәулікке дейін қамауға алу көзделген.

 

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5347