Сенбі, 3 Қазан 2026
3517 0 пікір 10 Қаңтар, 2023 сағат 13:37

Былтыр 19 мыңнан астам қазақ қандас мәртебесін алды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қандастарды қолдау үшін қандай қосымша субсидия қаралғанын түсіндірді.

- көшуге – отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК (241,5 мың теңге) көлемінде біржолғы төлем;

- бір отбасына 12 ай ішінде тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды жабу үшін 15-тен 30 АЕК-ке дейін (51,7-ден 103,5 мың теңгеге дейін) төленеді.

Естеріңізге сала кетейік, 1991 жылдан бастап 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін 1 млн 107 мың этникалық қазақ тарихи отанына оралды.

2022 жылы жалпы 19 178 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 490
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 733