Сенбі, 23 Қараша 2024
1375 1 пікір 10 Қаңтар, 2023 сағат 13:52

Қытай Қазақстанмен шекарадағы карантиндік шектеулерді алып тастайды

2023 жылғы қаңтардың бірінші онкүндігінен бастап мемлекеттік шекараның Қазақстан-Қытай учаскесінде қытай тарапы бұрын енгізілген шектеу және карантиндік шараларды алып тастайды.

Қытай тарапы көлік құралдарының ҚХР аумағына кіру мүмкіндігімен тасымалдаудың пандемияға дейінгі форматына оралуымен автокөлік құралдарын қабылдауға ниетті. Бұл ретте автокөлік құралдарының жүргізушілерінде визалар, ПТР тестілері, сондай-ақ олардың көлік құралдары халықаралық стандарттарға сәйкес келуі тиіс, деп хабарлайды ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.

2023 жылғы 09 қаңтарда мүдделі тараптардың жұмысын үйлестіруді қамтамасыз ету мақсатында «Қалжат» өткізу пунктіне ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің басшылық құрамы сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен кездесу өткізді.

Өткізілген жұмыс кеңесі барысында шекара қызметімен, жергілікті атқарушы органдармен және тасымалдаушылармен бірлесіп кедендік рәсімдерден өту, сондай-ақ мемлекеттік шекарадан өту тәртібі туралы қажетті түсініктемелер берілді.

Мемлекеттік кірістер комитеті кедендік бақылау бойынша шекарадағы жағдайға тұрақты мониторинг жүргізуде.

 

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5381