Сенбі, 23 Қараша 2024
1494 1 пікір 11 Қаңтар, 2023 сағат 11:29

Қарағандыдағы апат: Қылмыстық іс қозғалды

Көпқабатты үйде болған өрт дерегі бойынша полиция қызметкерлері Қылмыстық кодекстің 204-бабы 2-тармағына (отпен немесе қауіптілігі жоғары өзгеде көздермен жұмыс істеу арқылы жасалған ауыр зардаптарға әкелген бөтеннің мүлкін жою немесе бүлдіру) сәйкес қылмыстық іс тіркеді.

Аталған баптың санкциясында 2 мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстары немесе 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.

Еске сала кетейік, 10 қаңтар күні сағат 21:29-да Қарағанды қаласында Республика даңғылы, 18/2мекенжайында өрт шыққаны туралы хабар түсті.

16 қабатты, бір кіреберісті, 127 пәтерлі тұрғын үйдің 8-қабатындағы пәтерде жалпы алаңы 30 шаршы метр аумақта өрт шыққан.

1979 жылы туған ер адам жанып жатқан пәтердің балконынан құлап, медициналық мекемеге жатқызылды.

Тексеру барысында үш адамның денесі табылды (болжам бойынша екі ер адам мен әйел).

Сондай-ақ, Қарағанды облысының ТЖД басшылығы газ жарылысы расталмағанын хабарлады. Оқиға орнында газ құрылғылары табылмаған.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5373