Сенбі, 24 Қазан 2026
2457 2 пікір 11 Қаңтар, 2023 сағат 12:25

2022 жылы инфляция 20,3%-ға жетті

Бір жылда инфляция 20,3%-ға жетті, деп мәлімдеді ҚР Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов бүгінгі Үкімет отырысында.

"2022 жылдың желтоқсан айында айлық инфляция 1,2%-ға дейін баяулағанына қарамастан, соңғы 5 жылдағы айлық орташа көрсеткіш 0,7%-дан айтарлықтай асып түсті. Жылдық мәнде инфляция 20,3%-ға жетті. Азық-түлік бағасының өсуі инфляцияға зор үлес қосып, жылдық көрсеткіш бойынша 25,3%-ға жетті. Жеміс-жидек пен көкөніс өнімдері қыс маусымына байланысты қымбаттады", – деді Ұлттық банк төрағасы.

Ал азық-түлікке жатпайтын инфляция 19,4%-ға дейін өсті. Импорттың жоғары үлесі бар тауарлардың, оның ішінде жеке пайдаланатын тауарлардың, тұрмыстық химия, құрылыс материалдары, дәрі-дәрмектің бағасы өскен.

 

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 1183
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1641