Сенбі, 23 Қараша 2024
Айқай 2318 0 пікір 16 Қаңтар, 2023 сағат 15:53

Мирзиеев ашулы: Хоким қуылды

Халық арасында "қоян жылы құт болады, кейде малға жұт болады" деген даналық бар. Қоян жылы Орталық Азияға қыс қыспағын салуда.

Желтоқсанда Қазақстанның Екібастұз қаласында жылу жүйесінде апат болып, қала жылусыз қалды. Апат салдарын бірнеше аптада әрең жойған билік, кадрлық шешімдер қабылдады. Екібастұздағы апатқа байланысты Павлодар облысының әкімі қызметінен кетті. Ал Екібастұз қаласының әкімі тамыз айында ауысқан болатын. 

Жылу жүйесіндегі ақау тек қана Қазақстанда емес, көршілес Өзбекстанда да бар. Бір ай бұрын Өзбекстан билігі сұйытылған газдың тапшылығына байланысты газ экспортына уақытша толық тыйым салды.

Елде энергетика саласында дағдарыс болуда. Ел астанасы Ташкенттің өзінде жылыту жүйелері істен шығып, ғимараттар жылусыз қалған. Мемлекеттік орган ғимараттары жылудың жоқтығына байланысты кей тұста онлайн қызметке ауысқан.

Президент Мирзиеев елдегі энергетика саласындағы дағдарысты дереу шешуге тапсырма берді. Ол премьер-министрге және энергетика министріне жылуды халыққа жылдам жеткізетін жүйе құруды тапсырып, халыққа нақты ақпарат беруді жылдамдату керектігін айтты.

Халыққа газ бен көмір жеткізу механизмін түсіндіруды тапсыра отырып, екі айдың ішінде шетелден білікті мамандарды алдырып, энергетика саласын оңтайландыру керектігін шегелеп айтты. Суық күндері жарық пен жылуға қарыз болған тұрғын үйлерді жылу-жарық жүйесінен ажыратуға тыйым салды.

Бүгінгі жиын барысында Мирзиеев Ташкент хокимі Джахонгир Артықходжаев, энергетика министрінің орынбасары Шерзод Ходжаев пен "Жылу электронстанцияларының" басшысы Фарход Абдурахмановты қызметінен шеттетті. Ол елдегі жылудың тапшылығына осы үш азаматтың жұмысының сапасыздығы кінәлі дейді.  "Аймақтық жылыту жүйелері", "Өзбекмұнайгаз", "Өзтрансгаз" басшылары үш айға сынақ мерзімінде қалды. Осылайша ол кадрлық ауыс-түйіс жасап, мәселені шешуде нақтылық танытатынын халыққа көрсетті.

Өзбекстандағы газ тапшылығы салдарынан болған бұл дағдарыстың артында Ресейдің "Қазақстан-Ресей-Өзбекстан" газ одағын құру идеясының құлағы қалқиып тұруы мүмкін дейді cарапшылар.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475