Жұма, 29 Наурыз 2024
Билік 2581 12 пікір 20 Қаңтар, 2023 сағат 11:39

«Қалтадағы Парламенттен» - ықпалды Парламентке...

Күні кеше президент Тоқаевтың жарлығымен Парламенттің 7-шақырылымы өкілетін тоқтатты. «Қаңтар оқиғасы» сынды ел тарихындағы бұрылыс кезеңде Парламент партасында отырған депутаттардың құдалықтан қайтқандай көңілі тоқ. Төменгі палата мерзімінен бұрын таратылғандықтан оларға екі айлық жалақысындай өтемақы төленетін болды. Екі жыл еркін көсіліп жатқан салтанатты баспаналарын қайтаруға да бір ай уақыт берілді.

Президент сөзінде 19 наурызға белгіленген Мәжіліс пен мәслихат сайлауы Ата Заңға енгізілген өзгерістердің, саяси реформалардың заңды жалғасы екенін, «Күшті Президент – мықты Парламент – еститін Үкімет» саяси жобасын жүзеге асыру мақсатында жасалған нақты қадам екенін атап өтті.

Ел басшысының Заң шығарушы органды қалаған уақытта таратып, кез келген уақытта жасақтай алатын құзіреті бар екеніне қарап, бізде «Күшті Президенттік» жүйе бар екеніне көз жеткіздік.

Ал Америкадағыдай президентке сенімсіздік жариялай алмаса да, Үкіметтің екі аяғын бір етікке тығатын мықты Парламент қалай жасақталмақ?!

Қаңтардың 18-күні, яғни сайлауға бір күн қалғанда Әділет министрлігі баяғы «Ақ жол» партиясы сияқты тең төрағасының көптігімен ерекшеленетін «RESPUBlIKA» партиясының ресми тіркелгенін жариялады. Сөйтіп Қазақстанда заңды тіркелген партиялар саны жетіге жетті. Енді осы жеті партия алдағы Мәжіліс сайлауының көркін қыздырмақ. Алдағы Парламенттен орын алатын халық қалаулыларының 70 пайызы партиялық тізіммен, 30 пайызы бір мандатты сценаримен анықталатыны белгілі.

Ата Заңға енгізілген өзгеріске сай, таратылған Парламетте басым орын алып келген бұрынғы «Нұр Отан», қазіргі «Аманаттан» Президент те, жергілікті әкім қараларда жеке басын ауаша ұстауы, яғни еш партияға мүше болмауы керек. Ендеше «Аманаттың» бұрынғыдай, Назарбаевтың кезіндегідей әкімшілік ресурусты пайдаланып, тайлы-таяғымен Парламент креслосына жайғасуына жол берілмегені ләзім.

«Ақ жол» партиясы кеше Путиннің Украинаға басқыншылығын қолдаған Азамат Әбілдаев есімді партияластарын өз қатарларынан шығарғанын мәлімдеді. Өзге партиялар да бұл үрдісті ары қарай алып кеткені дұрыс. Әсіресе атын «Халық» деп өзгерткен бұрынғы коммунистік партия, «Ауыл» партиясы, «ЖСДП» құрамындағылардың қазіргі ұшыққан геосаяси жағдайға, экономикалық тығырыққа, қымбатшылықға ұстаған көзқарастарын біліп, қайта таразылап, өз ішінен жаңаруы тиіс. Олардың ұсынған кандидаттарының «Жаңа Қазақстанға» қаншалық бейімделгенін қоғам болып қадағалауымыз керек.

Қоғам белсенділері де алдағы саяси аламанға ат қосуға желпініп отыр. Арман Шораевтың өзін ұсынатынын көзіміз шалды. Ескі оппозицияның көзі Ермұрат Бапи ағамызды мықты үміткер санап отырғандар да бар.

Жазға салым президенттің шешімімен билік пен халықтың арасына дәнекер болып келген «Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің» өз миссиясын аяқтап, оның орынын Ұлттық Құрылтай басқаны белгілі. Біздің межемізше «Үйренген жау атысқанға жақсы» дегендей алдағы Мәжілісте партиялық тізімнен бөлек орынға Ұлттық Құрылтай мүшелері көптеп жайғасуы мүмкін. «Диван сарапшыларының» жолын әзілкеш, бизнесмен, блогер басшылары бар «RESPULIKAлықтар» кесуі мүмкін.

Есбол Үсенұлы

Abai.kz

12 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1581
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3610