Сенбі, 23 Қараша 2024
2615 3 пікір 20 Қаңтар, 2023 сағат 13:12

Сайлау 2023: Қандай өзгерістер болады?

Мәжіліс және мәслихат депутаттарын аралас сайлау жүйесінде өткізудің артықшылығы - сайлаушының партияға дауыс беру арқылы белгілі бір саяси бағдарламаға, сондай-ақ өз аймағынан нақты бір кандидатқа дауыс бере алу мүмкіндігі. Бұл пікірді ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты Саяси зерттеулер бөлімінің бас сарапшысы Әмина Үрпекова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алдағы саяси науқанның басты ерекшеліктерінің бірі - аралас сайлау жүйесі бойынша өтетіндігі. 69 депутат партиялық тізімдер негізінде пропорционалды жүйе бойынша және 29 депутат бір мандатты сайлау округтері бойынша сайланады. Айта кететін жайт, аталған сайлау жүйесі әлем елдерінде бар тәжірибе. Яғни Жаңа Зеландия, Германия, Жапония, Оңтүстік Корея, Литва, Мексика, Ұлыбритания және тағы басқа елдер. Әрине, әр елде өзіндік ерекшеліктері мен айрықша белгілері бар. Дегенмен тұтастай алғанда аралас сайлау жүйесі - пропорционалды және мажоритарлық тұрғыдан алсақта тиімділігін көрсетуде», - деді Әмина Үрпекова.

Оның пікірінші, аралас сайлау жүйесінің артықшылығы - сайлаушының партияға дауыс беру арқылы белгілі бір саяси бағдарламаға, сондай-ақ өз аймағынан нақты бір кандидатқа дауыс бере алу мүмкіндігі.

«Осылайша, саяси мүдделердің өкілдігі сақталады және сайлаушының белгілі бір аймақтан сайланған депутатпен байланысы нығаяды. Сонымен қатар сайлаушылар енді бір мандатты округ бойынша сайланған өз депутаты егер міндеттерін дұрыс атқармаса оның мандатын кері қайтарып алу мүмкіндігіне ие. Бұл депутаттар жұмысының тиімділігіне, олардың азаматтар үшін ашықтығы мен қолжетімділігіне оң әсер етуі тиіс. Саяси жүйені жандандыру туралы ойды жалғастырсақ, жаңашылдық партиялық жүйе мен көппартиялылықтың дамуына серпін береді. Мысалы, Жаңа Зеландияда аралас жүйе енгізілгеннен кейін Парламентте этникалық, тілдік азшылықты құрайтын кішігірім саяси партиялар өкілдік алды», - дейді ол.

Сарапшының дәйегінше, ендігі уақытта саяси партиялар аймақтық деңгейдегі жұмысты белсенді жанжандыруға мәжбүр. Өйткені, бір мандатты округтер бойынша сайлау азаматтардың депутаттық орынға таласуына мүмкіндік береді.

«Осылайша, сайлау науқаны нәтижесінде саяси партиялар, белсенді азаматтар мен сайлаушылар қарым-қатынасының жаңа жүйесі пайда болады»,- деп толықтырып өтті ол.

Айта кетсек, кеше Мемлекет басшысы жетінші сайланған ҚР Парламентінің Мәжілісін тарату және ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды.

Мәжіліс депутаттарын кезектен тыс сайлау 19 наурызға белгіленді.

Одан бөлек, Мемлекет басшысы барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін тоқтату туралы Жарлыққа қол қойды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы мәлімдеме жасады.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5383