СІМ: "Қазақстан қаңтар оқиғасына шетелдік террористер қатысқанына дәйектер береді"
Қазақстан билігі халықаралық ұйымға қаңтар оқиғасы кезіндегі қарулы топтар арасында шетелдік террористер болғанын дәлелдейтін айғақтар беруге дайын. Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді France 24 телеарнасына берген сұхбатында айтты.
Француз тележүргізушісі «Бұрынғы президенттің күйеу баласын лауазымды қызметтен босатты. Бұл Тоқаевтың елді басқаруда қиындықтар туғанын мойындауынан болған іс-әрекет пе, әлде бұрынғы президент пен оның жақындары қазіргі президенттің рөлін тұрақсыздандырғыс келді ме?», деген сұрақ қойды.
Оған СІМ басшысы президент Тоқаев мұндай шешім қабылдауға ешкім мәжбүрлемегенін айтты.
"Тимур Құлыбаев Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының басшылығынан өз еркімен кетті. Біздің Президентіміз бұдан былай байлықта тепе-теңдік сақталатынын айтты", - деді Мұхтар Тілеуберді.
Abai.kz