Сенбі, 23 Қараша 2024
3536 5 пікір 6 Ақпан, 2023 сағат 13:24

Санкция: Посткеңестік елдер Ресейге көмектесіп жатыр

Ресей армиясы Украина аумағына басып кірген соң Еуропа елдері Кремльге қарсы санкция енгізіп, Ресейге тауар жеткізуді тоқтатты. Дегенмен Ресей еуротауарды постсоветтің елдер арқылы реэкспорт жасауға көшті.

Бұл туралы РБК басылымы Euromonitor International зерттеу компаниясының баяндамасына сілтеме жасай отырып хабарлады.

Еуропа статистикасына сәйкес, 2022 жылғы наурыздан бастап ЕО елдерінің Ресейге экспорты 47 пайызға төмендеген. Есесіне былтыр еуропалық тауарлардың Армения, Беларусь, Қазақстан, Грузия, Өзбекстан және Қырғызстанға экспорты 48 пайыға артып, көлемі 20,3 млрд еуроға жеткен.

Ресей ЕО тауарларын үшінші бір елден реэкспорттау арқылы санкцияларды айналып өтіп жатыр.

Euromonitor International ай сайын Ресейге үшінші бір мемлекет арқылы 2,7-2,8 млрд еуроның еуротауары кіретінін анықтаған.

Бұның алдында Еуропа одағының кеңесі Ресейге қарсы экономикалық санкциялар мерзімін 2023 жылдың 31 шілдесіне дейін созған.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5359