Сенбі, 23 Қараша 2024
1479 0 пікір 10 Ақпан, 2023 сағат 12:08

Алимент төлемеген қанша қазақстандық шетелге шыға алмай жүр?

«Алдымен, борышкердің жеке шоттары мен мүлкі бұғатталады. Шетелге шығуына шектеу қойылады. Одан бөлек, сот арқылы көлік құралын басқару құқығынан айырылады. Сонымен қатар алимент төлеуден қасақана жалтарып жүргендерге, Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 669-бабына және Қылмыстық кодекстің 139-бабына сәйкес әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктер қарастырылған», - делінген Әділет министрлігінің ресми жауабында.

Министрліктің ақпаратынша, алимент төлемей жүргендердің мәселесі заң аясында жеке қаралады.

«Қылмыстық кодекстің 139-бабына сәйкес өткен жылы 126 борышкер қылмыстық жауапқа тартылды. Сонымен қатар 16 671 борышкерге сот орындаушысының сот санкциялаған қаулысы негізінде «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңының 33-бабына сәйкес Қазақстан аумағынан шығуына шектеу салынды. Сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 669-бабына сәйкес 4 065 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - дейді ведомстводан.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5458