Елімізде 842 мың балаға арналған 401 жаңа мектеп салынады
Бұл туралы «Samruk-Kazyna Construction» АҚ басқарма төрағасы Мәулен Айманбетов қордың қоғамдық кеңесінің отырысында мәлімдеді. Осылайша, үшінші ауысымнан толықтай құтылып, мектептердегі орын тапшылығын жоюға болады. Қазірдің өзінде 225 мыңға жуық оқушыға орын жетпейді. Жаңа үлгідегі мектептер 2025 жылдың соңына дейін республикамыздағы қалаларда да, шалғай елді мекендерде де салынады. Құрылысқа отандық өндірістегі материалдар қолданылады, - деп атап өтті басқарма басшысы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасына арналған жиында.
Сонымен қатар ол білім ордаларын жобалау қандай нәрселерге негізделіп қолға алынатынына тоқталды.
Мектептерді жобалау Қазақстанның қолданыстағы нормаларына, ҚР Үкіметі бекіткен техникалық тапсырмалары мен білім беру ұйымдарын салудағы озық халықаралық тәжірибеге негізделеді. Ұлттық жобаның бірыңғай операторы ретінде компаниямыз белгіленді, - деді төрағасы Мәулен Айманбетов.
Abai.kz