Жексенбі, 13 Қыркүйек 2026
2363 0 пікір 13 Ақпан, 2023 сағат 11:56

Қаржы пирамидасы: 15 адам сотталды

Бас прокуратураның Арнайы прокурорлар қызметі «QI Trade Kazakhstan» (Qarat Invest) қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға қатысты қылмыстық істі тергеп-тексерді.

Олардың бас офисі Алматы қаласында орналасқан, сондай-ақ өңірлерде 12 филиал жұмыс істеген, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағнад, «AMAZON» (АҚШ) бүкіләлемдік алаңында сауда жасау деген атпен, сенімгерлік басқару негізінде азаматтар проценті түрінде одан әрі кіріс алу үшін ақша салған.

Салымшыларға салым сомасына байланысты жылдық 96%-ке дейін пайда уәде етілген.

Соның салдарынан компания 6 млрд теңгеден астам сомаға 1345 азаматқа залал келтірген.

Азаматтарды алдау схемасын жасағандардың, сондай-ақ компанияның бас офисі және филиалдары басшыларының кінәсін прокуратура дәлелдей алды.

Нәтижесінде Бостандық аудандық сотының үкімімен 15 адам бас бостандығынан айырудың нақты мерзімдеріне жаза (6 жылдан 7 жылға дейін) тағайындаумен кінәлі деп танылды.

«Бас прокуратура азаматтарды қырағы болуға, күмәнді ұйымдарға ақша салудан бас тартуға шақырады»,-делінген хабарламада.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1123
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2658
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 777
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 741