Дүйсенбі, 14 Қыркүйек 2026
2000 1 пікір 14 Ақпан, 2023 сағат 14:23

БЖЗҚ: Зейнетақы активтері 14,8 трлн теңге

Қаңтар айының соңында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері 14,8 трлн теңгені құрады, деп мәлімдеді ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов.

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері жыл басынан бастап 224 млрд теңгеге немесе 1,5%-ға ұлғайып, қаңтар айының соңында 14,8 трлн теңгені құрады. Жыл басынан бастап инвестициялық кіріс көлемі 66,2 млрд теңге, зейнетақы жарналары – 156,1 млрд теңге, зейнетақы төлемдері – 21 млрд теңге, мерзімінен бұрын алу сомасы – 11,4 млрд теңге болды», - деді Ұлттық банк өкілі.

Спикердің айтуынша, зейнетақы активтерінің жинақталған кірістілігі шоғырландырылған сәттен бастап 116,9%-ды құрады.

Айта кетейік, қаңтар айында теңгенің долларға қатысты бағамы 460,52 теңгеге дейін 0,5%-ға нығайды. Теңге бағамы әлемдік нарық пен геосаяси жағдайларға байланысты болады.

 

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1149
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2682
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 796
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 768