Сенбі, 23 Қараша 2024
1363 3 пікір 14 Ақпан, 2023 сағат 17:12

Украинадағы соғысқа Байқоңырдан кімдер бара алады?

ҚР Президентінің "Байқоңыр" кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасы Украинаға қарсы соғысқа қатысқысы келетіндерге ақша ұсынылғаны туралы ақпаратқа түсініктеме берді, деп жазды Ulysmedia.kz.

Таяуда қала прокуратурасы соғысқа қатысуға ниеттілерге 260 мың рубль (1,5 млн теңгеден астам) көлемінде өтемақы тағайындалатыны жөнінде хабарлама таратқан.

Байқоңыр қаласының арнайы өкілдігінің Facebook-тегі ресми парақшасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, мобилизациялау және төлемдер туралы ақпарат Байқоңыр аумағында орналасқан Ресей Федерациясының азаматтарына ғана қатысты.

Байқоңыр қаласы әкімшілігі басшысының 2023 жылғы 7 ақпандағы №49 Қаулысына сәйкес, Байқоңыр қаласында тұратын азаматтарға, сондай-ақ арнайы әскери операцияға қатысуға ниет білдірген және әскери қызметті өткеруге келісімшарт жасасқан адамдарға әлеуметтік қолдау шарасы ретінде 260 мың рубль мөлшерінде біржолғы ақшалай төлем белгіленген. Ресей Федерациясы президентінің 21.09.2022 жылғы №647 «Ресей Федерациясында ішінара жұмылдыру жариялау туралы» Жарлығына сәйкес, тек Ресей Федерациясының азаматтары әскери қызметке шақырылады. Сондай-ақ ерікті түрде әскери қызметші ретінде жұмылдыру немесе арнайы әскери операцияға қатысу үшін Ресей Федерациясының 60 жасқа дейінгі ер-азаматтары шақырылуы мүмкін, - делінген хабарламада.

Нақты айтқанда, қаулыға сәйкес, әлеуметтік қолдау шарасы ретінде 260 мың рубль мөлшеріндегі біржолғы ақшалай төлем тек Байқоңыр қаласының тұрғыны болып табылатын Ресей Федерациясының азаматтарына ғана тағайындалмақ.

 

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502