Сенбі, 23 Қараша 2024
1175 0 пікір 14 Ақпан, 2023 сағат 17:33

Қашаған кен орнында жұмысшы көз жұмды

Атырау облысында Қашаған жобасының D аралында жұмысшы көз жұмды, деп хабарлады NCOC компаниясы.

Компанияның ақпаратына қарағанда, қайғылы оқиға 9 ақпанда болған.

Қайтыс болған жұмысшы мердігердің бірі – «Сaspiy Ak Zhelken» компаниясында жұмыс істеген.

«Сaspiy Ak Zhelken мердігерлік компаниясы қызметкері кенеттен қайтыс болды. Қайғылы оқиғаның өндіріске қатысы жоқ. NCOC компаниясы қайтыс болған қызметкердің отбасына көңіл айтады. Жақын адамын жоғалтқан отбасыға жан-жақты көмек көрсетілді», -деп хабарлады NCOC компаниясынан.

Еске сала кетелік, бұған дейін Теңіз кен орнындағы жарылысқа қатысты сотқа дейінгі тергеу басталға туралы хабарлаған.

Полиция департаментінің ақпаратына сүйенсек, оқиға 8 ақпан сағат 13:50 шамасында Теңіз кен орнының өндірістік аумағынан тыс жерде болған.

«West Dala» компаниясына тиесілі вакуум цистернасы жарылған.

Соның салдарынан 30 жастағы жұмысшы оқиға орнында мерт болды. Ал 29 жастағы жұмысшы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

«Теңіз кен орнында бір жұмысшының мерт болып, екінші адамның жарақат алуына байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабымен (еңбектi қорғау қағидаларын бұзу) жүріп жатыр», - деп мәлім етті полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5506