Жексенбі, 6 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3856 0 пікір 28 Наурыз, 2013 сағат 06:40

Шәріпхан Қайсар. Астана: Өрт сөндірушілер неге жұмыстан қуылып жатыр?

Кеше Астана қалалық Өртке қарсы 66 қызметші наразылыққа шығуға бел байлады. Оларды бұған итермелеген себеп - бәрінің де жұмыстан шығарылуы.

Аталған Төтенше жағдайлар саласының қызметшілері былтыр бәрі де аттестаттциялаудан өткен, соңғы оннан аса  жыл бойы талай өртте шынығып, маманданған азаматтар. Бізге жеткен әуелгі ақпарат бойынша, бұлар өз қызметтерімен қатар қосалқы жұмыс істеп жанұяларын асырауға мәжбүр болған, шетінен баспанасыз елдің түкпірінен жиналған қазақ жігіттері. Енді бұл жағдайды жемқорлық бабына жатқызып, бұл мамандардың бәрінен құтылуға Астана қаласы бойынша Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент басшылығы қолға алуда екен.

Алайда, мәселенің төркіні Қазақстанға тән топтар арасындағы бақталастықтан шығуда секілді. Бұған дейін аталмыш департаментте талайды көрген ықпалды генерал отырған, енді соның орнына келген бастық әлгінің артын қазу мақсатымен Қаржы полициясын жұмылдырып, департаментті тексертсе керек. Соның нәтижесі ретінде енді айлығы шайлығына жетпеген өртке қарсы сала қызметшілері жұмыстан қуылуда.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 910
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2359
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 617
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 594