Сенбі, 23 Қараша 2024
2340 0 пікір 15 Ақпан, 2023 сағат 13:11

Тұрлыханов ұлы туралы: "Өз ісіне өзі жауап береді"

Алматыда заңгерді соққыға жыққан әскери қызметкер грек-рим күресінен қазақстандық және бұрынғы Кеңес Одағының палуаны Дәулет Тұрлыхановтың ұлы болып шықты. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

Бұл ақпаратты Тұрлыхановтың өзі растады.

"Ол кәмелетке толған адам. Иә, ол менің ұлым. Жасаған әрекетіне өзі жауап береді. Ол бойынша нақты шешімді құқыққорғау органдары қабылдайды", - деп жауап берді Дәулет Тұрлыханов.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда әскери қызметкер белгілі адвокатты соққыға жыққаны хабарланған болатын.

Бұл оқиға туралы адвокат Олег Черновтың әйелі Анна Димитриевич Facebook-парақшасында жазған. Олар таксиге отыра бергенде бір жігіт жүгіріп келіп, соққыға жығылған қызға көмектесуін сұраған. Алматы ПД бұл дерек ҚР Қылмыстық кодекстің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін хабарлайды. Қылмыстық іс бойынша алғашқы тергеу әрекеттері жүргізіліп, сараптамалар тағайындалды.

Күдікті әскери адам болғандықтан, қазір іс материалдары соттылығын анықтау үшін қалалық Прокуратураға жіберілген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5480