Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3181 0 пікір 28 Наурыз, 2013 сағат 07:36

Айдос Сарым «Ашық әңгімеге» шақырады

«Қазақстан» ұлттық арнасынан 31 наурыз күні сағат 21.35-те  «Ашық әңгіме» атты жаңа жобаның тұсауы кесіледі.  Бетпе-бет форматындағы диалог - отандық теленарықтағы сұранысқа ие жанрдың бірі. Аталған бағыттағы тележобалар еліміздің кейбір телеарналарында кездеседі. Алайда «Ашық әңгіме» бағдарламасының басты ерекшілігі - оның жүргізушісі мен қойылатын сұрақтарында. Жүргізуші -  Айдос Сарым  қоғам арасында өзінің қызықты пікірлерімен, құнды ұсыныстарымен, сапалы сараптамасымен танымал тұлға. Оған қоса, А.Сарымның ұстанымымен отандық қазақ тілді және орыс тілді БАҚ есептеседі.

Студия қонақтары ретінде Қазақстанның мемлекеттік органдарының жетекшілері, танымал саяси қайраткерлер, зиялы қауым өкілдері, жазушылар, белгілі ғалымдар шақырылады. Әңгіме барысында қонақтың өткен өміріндегі іс-әрекеттеріне, қабылдаған шешімдеріне, тағайындалған қызметтеріне шолу жасалып, бүгінгі қоғамдық проблемаларға көзқарасы, мәңгілік мәселелерге пікірі, жеке ұстанымы жөнінде сауалдар қойылады.

Бағдарлама барысында блиц-сауалнамадан, әлеуметтік желілерден алынған сауалдар қойылып, сайттардағы сауалнаманың нәтижесі жөнінде пікірі сұралады. Бағдарлама соңында Сартр үлгісіндегі жылдам қысқа сауалдарға  кезек беріледі. Сұрақтар аяқасты, тосын болады. Осы арқылы студия қонағын әр жақты сынап, түрлі қырынан ашу мақсат етіліп отыр.

Бағдарлама 30 бен 55 аралығындағы сауатты, саяси хабарлардан, ел ішіндегі тыныс-тіршіліктен хабары бар көрермендерге арналған. 31 наурыз күні сағат 21.35-те  «Қазақстан» ұлттық арнасынан «Ашық әңгімені» тамашалауды ұмытпаңыздар!

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5343