Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 2238 7 пікір 15 Ақпан, 2023 сағат 13:38

Смайылов сайлауда бейне камера орнатуды құптамады

Премьер-министр Әлихан Смайылов сайлау учаскелерінде видеокамера орнатуды экономикалық тұрғыда тиімсіз деп есептейді.

«Бейнежабдықтарды сатып алудың экономикалық тиімсіздігі мен орынсыздығын атап өтеміз, өйткені барлық сайлау учаскелерін бейнекамералармен жарақтандыру республикалық бюджеттен қомақты бюджет қаражатын бөлуді талап етеді. Конституцияға сәйкес саяси партиялардың, өзге де аккредиттелген қоғамдық бірлестіктердің, коммерциялық емес ұйымдарының байқаушылары дауыс беру барысына және оның қорытындыларын шығаруға кедергі жасамай, фотожазба, дыбысжазба және бейнежазба жасауға құқылы. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, қолданыстағы заңнама дауыс беру барысын бейнетіркеу мүмкіндігін жеткілікті дәрежеде қамтамасыз етеді деп санаймыз. Сондай-ақ дауыс беру учаскелерінен онлайн-трансляцияларды қолданған бірқатар елдер оның осалдығына байланысты (Аустралия, Ұлыбритания, Канада, Швейцария, Нидерланды, АҚШ) бұл тәжірибеден бас тартуға мәжбүр болған халықаралық тәжірибені қарастыру өзекті болып отыр», - дейді Смайылов.

Бұған дейін экс-депутат Қазыбек Иса видеокамералар орнату арқылы сайлаудың әділ өтуін қадағалай аламыз деп, үкіметке ұсыныс жолдаған еді.

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5490