Жексенбі, 20 Сәуір 2025
Билік 4189 51 пікір 16 Ақпан, 2023 сағат 12:48

Елбасысыз дәуір басталды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 15 ақпанда «Тұңғыш президент – Елбасы туралы» заңының күшін жоятын және экс-президенттің туыстарын қудаламау иммунитетінен айыратын заңға қол қойды.

Заңмен бірге экс-президент пен оның туыстарының қауіпсіздігін өмір бойы мемлекет қазынасынан қаржыландыруға мүмкіндік беретін ереженің де күші жойылады.

Қазақстанды 30 жылға жуық басқарған 82 жастағы Нұрсұлтан Назарбаев сонымен бірге мемлекеттік органдар мен шенеуніктерге және халыққа мәлімдеме жасау құқығынан да айырылады.

Заң жобасын қаңтарда парламент мақұлдаған. Оның алдында Конституциялық сот «Тұңғыш президент – Елбасы туралы» заңының  күшін жоюға шешім қабылдаған.

2000 жылы қабылданған «Тұңғыш президент – Елбасы туралы» заңы елдің экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен оның отбасына көп басымдық берді. Заңға сай, Назарбаев пен оның отбасы мүшелері қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтын, қамалмайтын, мүліктері тәркіленбейтін, ешқандай шектеу қойылмайтын болып келді.

Қасіретті «қаңтар оқиғасы» Назарбаевсыздану дәуірінің шымылдығын ашып бергені белгілі. Ереуілшілер тұңғыш президенттің Алматыдағы салтанатты резинциясын өрттеп, Талдықорғандағы еңселі еңсерткішін тұғырынан құлатты. Назарбаевсыздану үрдісі содан бері бір жыл бойы жүрді. Нұрсүлтан атанған Астана ескі атауын қайта иеленді. Міне, жаңа жылда Назарбаев пен оның отбасын Қазақстанда еркін тайраңдауға жол ашқан негізсіз заң күшін жойды. Соның нақты көрінісіндей Елбасының сайты атауын «Назарбаев.кз» деп өзгертіпті. Ел аумағында Назарбаевтың атауын иеленген мекенжайлар мен оқу орындары жеткілікті екені жұртқа мәлім. Сайт атын өзгерту – елбасысыз заманның жеткенін көрсетеді. Ел байлығын заңсыз иеленген оның отбасының заңдық жауапкершілікке тартылуын талап ету науқанының басталатынына күман жоқ.

Abai.kz

51 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2058
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4919
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4119