Сенбі, 23 Қараша 2024
1400 8 пікір 16 Ақпан, 2023 сағат 13:04

Смайылов: "Туризмі үздік 50 елдің қатарына кіреміз"

Премьер-Министр Әлихан Смайылов «Қазақстанды әлемнің үздік 50 елінің қатарына қосу көзделіп отыр»,-дейді туризм саласын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамалар жобаларын қарау бойынша өткен кеңесте.

Туризм саласын дамытуға қатысты республиканың негізгі 10 турдестанициясында инфрақұрылымдарды жаңғырту, сервис сапасын арттыру, халықаралық аренада еліміздің туристік әлеуетін ілгерлету және т. б. шараларды іске асыру көзделіп отыр.

Атап айтқанда, Балқаш, Қапшағай, Алакөл және Баянауыл курорттық аймақтарына апаратын автожолдарды салу және қайта құрылымдау, демалыс аймақтарын мобильдік байланыспен 100% қамту, Шучье-Бурабай курорттық аймағында қажетті инженерлік желілер жүргізу, су қоймаларында қосымша суда құтқару станцияларын салу және т. б. іс-шаралар қарастырылып отыр.

Сонымен қатар жаңа әуе бағыттарын ашу, туристік қызметтерді цифрландыру, қонақ үй бизнесінде және саланың басқа секторларында стандарттарды арттыру жөнінде жұмыс жүргізіледі.

2030 жылға дейін барлық шараларды іске асырудың нәтижесінде ішкі туристердің санын 11 млн адамға дейін, шетелдік туристерді – 4 млн адамға дейін, салада жұмыспен қамтуды – 800 мың адамға дейін арттыру, сондай-ақ Дүниежүзілік экономикалық форумның рейтингісіне сәйкес туризмді дамыту бойынша Қазақстанды әлемнің үздік 50 елінің қатарына қосу көзделіп отыр.

 

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5454