Жексенбі, 20 Сәуір 2025
1510 2 пікір 16 Ақпан, 2023 сағат 13:17

Еуропарламент Саакашвилиді босатуға шақырды

Еуропа парламенті 15 ақпанда "Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвилидің жағдайы туралы" резолюцияны мақұлдады. Онда саясаткерді еркіндікке шығару және шетелде емделуге рұқсат беруге шақырғаны жазылған.  

Алты жылдық жаза мерзімін өтеп жатқан Грузияның бұрынғы президенті қазір Тблисидегі жеке клиникада емделіп жатыр. Жақтастары оның денсаулығы нашарлап бара жатқанын айтады. Саакашвили өзі уланудың құрбаны болғанын мәлімдеген. Грузин билігі бұл айыптауларды терістеп келеді.

Еуропарламент бұдан бөлек Грузияның бұрынғы премьер-министрі және кәсіпкер Бидзина Иванишвилиге қарсы санкция енгізу туралы құжатқа ұсынылған өзгертулерді мақұлдады.

Онда Грузиядағы ең беделді саясаткер аталып келген Иванишвили "жеке басының кегін алу үшін Саакашвилиді қуғындағаны" жазылған.

Резолюцияны 577 депутат қолдаса, 33-і қарсы дауыс берді. Иванишвилиге санкция енгізуді 362 депутат қолдап, 121-і қарсы болды.

Еуропарламент резолюциялары тек ұсыныс бере алады.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2061
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4924
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4124