Дүйсенбі, 5 Қазан 2026
2624 0 пікір 17 Ақпан, 2023 сағат 11:52

Қазақстаннан Түркияға тағы да көмек жіберді

Қазақстаннан гуманитарлық жүк тиелген ұшақ Түркияның Газиантеп қаласына ұшып шықты. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Айта кетейік, аталмыш көмек Түркияға Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жөнелтілді. Жүктің ішінде жойқын зілзаладан зардап шеккендерге көмек көрсетуге арналған шатырлар, жылытқыштар, жылы киімдер және басқа да қажетті заттар бар.

Гуманитарлық көмектің жалпы көлемі 55 тонна.

«Жүк әуе көлігімен Түркияның Газиантеп қаласына кетті»,-делінген хабарламада.

Осыған дейін, Қазақстаннан Түркияға 55 тонна гуманитарлық көмек жіберілетіні хабарланған еді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 720
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1009