Жексенбі, 13 Қыркүйек 2026
3214 7 пікір 17 Ақпан, 2023 сағат 13:27

"Ұлттық қауіпсіздікке қатер төніп тұр"

Сенатор Серік Шайдаров өңірлерге халықтың жүйелі түрде кетуіне байланысты ұлттық қауіпсіздікке қауіп төніп тұрғанын мәлімдеді, - деп жазды Tengrinews.kz .

Парламенттік тыңдауда сенатор халықтың көші-қон жағдайы нашар өңірлерді атады.

Серік Шайдаров 2010-2020 жылдар аралығында көші-қон ағыны есебінен халық санының өсуі бүгінде ел халқының 36 пайызы тұратын Ақтөбе облысында, Астана, Алматы және Шымкент қалаларында байқалғанын айтты.

Сонымен бірге, оның айтуынша, халықтың жүйелі түрде кетуі Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында орын алып жатыр.

"Мұның барлығы түптеп келгенде, өңірлер арасындағы елеулі әлеуметтік-экономикалық алшақтықтарға ғана емес, елді мекендердің, әсіресе шекаралас аймақтардағы халықтың әлсіздігінен ұлттық қауіпсіздікке қатерлердің туындауына алып келеді. Сондықтан жұмыс орындарын құру және машина жасау саласын дамыту қажет. Өңірлердегі инфрақұрылым таяу болашақта орталық және жергілікті билік үшін басымдыққа айналуы тиіс", - деп түйіндеді сөзін депутат.

 

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1123
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2658
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 777
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 741