Жексенбі, 20 Сәуір 2025
1436 2 пікір 17 Ақпан, 2023 сағат 13:42

Алматы әкімі: "Бағаны тұрақтандыруға 15 млрд теңге бөлінді"

Алматы әкімі Ерболат Досаев қаладағы бағаны тұрақтандыру үшін 15 млрд теңге бөлінгенін мәлімдеді.

«Баға тұрақтылығы – қала әкімдігі үшін маңызды мәселе және басты міндет. Біз өткен жылдың күзінде негізгі өнімдерге тосқауыл қою және тұрақтандыру жұмыстарын бастадық. Маусымнан тыс уақытта арнайы шарттар жасалды. Алматы бағаны тұрақтандыруға ең көп қаражат бөлді – 15 млрд теңге. Көктемде наурыз айының ортасынан бастап, алғашқы өнімдерді аламыз. Бағасы шұғыл көтерілетін позициялар бойынша бағаларды тұрақтандырамыз деп үміттенеміз», - деді ол.

Айтуынша, Алматыда монополиялық «Алтын Ордадан» басқа көтерме жеткізушілер пайда болды (бүгінде қалаға көкөністердің, жемістер мен еттің 75%-ы осы нүкте арқылы жеткізіледі). Сауда желілерінің бірі жеткізушілермен тікелей жұмыс істей бастады, соның арқасында бағалар төмендеді.

«Ақсу қант» зауытымен 2,6 млрд теңгеге шарт жасадық. Жазда қант бағасы көтерілмейді деп үміттенемін. Өзіңіз білесіз, нанның бағасы көтерілген жоқ, өйткені біз оны субсидиялаймыз, жергілікті бюджеттен қосымша ақша бөлдік. Өкінішке қарай, азық-түлік емес тауарлардың бағасы да өсіп жатыр, бұл – факт. Жалпы, геосаяси жағдайға байланысты көлік логистикасы бұзылды, бірақ бірте-бірте біздің компаниялар түрлі жолдарды іздейді, жаңа жеткізушілер пайда болды», - деп атап өтті шаһар басшысы.

 

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2068
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4939
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4141