Жұма, 11 Қыркүйек 2026
3202 6 пікір 20 Ақпан, 2023 сағат 16:36

АҚШ президенті Украинада жүр

АҚШ президенті Джо Байден жоспардан тыс сапармен Киевке барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі украиналық УНИАН агенттігіне сілтеме жасап.

Желіде Ақ үй басшысының Киевтегі Михайловская алаңында Украина президенті Владимир Зеленскиймен бірге түсірілген кадрлары пайда болды.

Америка президентінің Украинаға сапары нағыз тосын оқиға болды. Киевте таңертеңнен бастап орталыққа тосқауыл қойылған.

Бұл - 24 ақпанда қақтығыс басталғаннан берігі Байденнің Киевке бірінші сапары.

Америка президенті Киевке 20-22 ақпанда Польшаға сапары аясында барған. Ақ үйдің ұлттық қауіпсіздік өкілі Джон Кирбидің мәлімдеуінше, Байден Польшаға сапары барысында ресейліктер мен президент Владимир Путинге жеке үндеу жолдамақ.

 

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1079
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2632
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 754
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 723