Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3739 0 пікір 2 Сәуір, 2013 сағат 04:12

Бейсен Ахметұлы. Әке мен бала арманы – Қазақстан!

Арманның үлкен-кішісі болған емес. Әке мен бала арманының тоғысуы шынымен ғажап та ұлы арман. Қазақ «баламның табанына батқан шөгір маңдайыма кірсін» - дейтін халық. Қазақ ұрпақ үшін өмір кешетін халық. Міне соның дәлелі -   қытайдағы қандас ағамыз бен баласы -  кішкентай ініміз арасында болған салихалы шешім. Құрметті оқырман оқыған соң, ойланар. Енді сол мақаланың түпнұсқадағы қалыпын сақтай отырып  төте жазудан криллицаға көшіріп толықтай беруді жөн көрдім.

Бізді ойландырған шағын мақала қытайдағы «Күлтегін» сайтында жарық көрген  болатын: http://www.kultegin.com/forum.php?mod=viewthread&tid=38214&extra=&page=1

 

«Балам екеуміздің оқудан көрген қорлықтарымыз ұлғайып бара жатыр»

Балам өзінің кеуде бөлігінен де үлкен боқша көтеруге мәжбүр болды. Алдыға қарай  еңкейіп жүрмесе, дене тепе-теңдігін сақтай алмайтын еді.

Балалардың жүгін жеңілдетуді оқу-ағартудағылар емес, саудагерлер бұрынырақ ойлап қойған екен. Сүйретпе боқша алдық. Алайда, бұны мұғалымы қуаттамады. Көтеріп кел деді. Үйткені, сабақхана тарылып кетіпті.

Арманның үлкен-кішісі болған емес. Әке мен бала арманының тоғысуы шынымен ғажап та ұлы арман. Қазақ «баламның табанына батқан шөгір маңдайыма кірсін» - дейтін халық. Қазақ ұрпақ үшін өмір кешетін халық. Міне соның дәлелі -   қытайдағы қандас ағамыз бен баласы -  кішкентай ініміз арасында болған салихалы шешім. Құрметті оқырман оқыған соң, ойланар. Енді сол мақаланың түпнұсқадағы қалыпын сақтай отырып  төте жазудан криллицаға көшіріп толықтай беруді жөн көрдім.

Бізді ойландырған шағын мақала қытайдағы «Күлтегін» сайтында жарық көрген  болатын: http://www.kultegin.com/forum.php?mod=viewthread&tid=38214&extra=&page=1

 

«Балам екеуміздің оқудан көрген қорлықтарымыз ұлғайып бара жатыр»

Балам өзінің кеуде бөлігінен де үлкен боқша көтеруге мәжбүр болды. Алдыға қарай  еңкейіп жүрмесе, дене тепе-теңдігін сақтай алмайтын еді.

Балалардың жүгін жеңілдетуді оқу-ағартудағылар емес, саудагерлер бұрынырақ ойлап қойған екен. Сүйретпе боқша алдық. Алайда, бұны мұғалымы қуаттамады. Көтеріп кел деді. Үйткені, сабақхана тарылып кетіпті.

Қаршадай бала қалада, қалың адам жүрсе де бейне аюға жем болатындай қорқып, артынан дедектеп қалдым.   Қорқам, біреу ұрлай ма деп.  Оны ойласам түн ортасында ұйқым ашылады. Әуелі, кей баланы ұрлап та кетті. Япырым-ай, қандай заман басымызға түсті адамға адам сене алмайтын.

Әкелі-балалы екеуміз табанда тілімізден айырылдық. Қалада қазақша мектеп жоқ. Қытайша оқуға түсті еріксіз. Тапсырмасын орындау үшін тек қытайша сөйлеуімізге тура келді. Бұрынғыдай күлкі жоқ жүзімізде, тек бір-бірімізге жабыға қарап, шүлдірлейміз. Әйтпегенде, ертең мұғалімге  қытайша жауап қайыру балам үшін қиямет. Япырым-ай, қандай сұмдық  қазақ бола тұра қазақша сөйлей алмау?..

Балам екеуміз енді құлмыз. Баламды алып үйге келем. Соңынан ілесе келте хат та жетеді шырылдап.  Бәрі сонда. Кілең бұйрық. Атам-шабам дейді.  Әр сөйлем "сөзсіз" деген екпінмен келіп түседі.  Орындамай тұра алмайсың.  Балама айттым: "кейбір тапсырмалар өте қисынсыз. Мұғаліміңе кезігейін, не орындамай-ақ қой." Баламның көзіне жас үйірілді: «Кеше біреулерді жерден алып жерге салды, ішінде әке-шешесіне айтқандары да бар». Жүрегім қобалжып кетті. «Мынауың  Америкадан да зөрекер ғой өз».  Үй тапсырмасын орындай жөнелдік, көшеге барып соның айтқан затын айтулы жерден сатып алдық. Бояуға тиісті кей тапсырманың реңін де өзгертуге қақымыз жоқ.

Құл екенбіз. Жылға таяды, өңімізде күлкі, жүрегімізде қуаныш жоқ. Япырым-ай, қаршадай баланы әкесімен қоса құлдыққа түсіретін қандай оқуға тап болдық?

Балам екі жасынан бастап маған еліктеп қалам ұстағанды үйренді. Әрине, қызық үшін. Тамның қабырғаларынан тартып, кітап сөресінің әйнегіне дейін сызып ойнайтын. Одан, екеуміз жапаланып жүріп ағартатынбыз, сүртетінбіз. Тамға сызбауды ол өзі дәріптейтін болған еді. Енді ол қазір бұл сияқты дәріптемелер айтпайтын болды. Жыл болды, ести алмадым. Баламның алты жыл бойы барымды салып қалыптастырған дара мінезі айналасы алты айға бармай ойраны шықты. Ол қазір тек бұйрықты орындауға ғана күшін салады. Бұл неге бұлай істелуге тиіс деген сөзді енді ол айтудан қорқатын болып қалғанын мен екі аптаның алдында сезіндім. «Қайран құлыным, басқа қаптаған шіредей адамның еркін ұрлаған заманға кез келгенің-ай»!.

Қалам демекші, біз бұрын қаламды сызуға істетуші едік. Қазір жазуға жұмсайтын болдық. "Балам, сызу сыза ғой" дедім кәдімгідей. Балам бетіме қарап біраз отырды да, күрсінді. Сүйтті де, басын шайқады: "Онда тапсырмамды қашан орындап боламын?" Бірінші жылдықтағы тапсырмасын аттай төрт сағатта аяқтайды. Шынында уақыт жоқ. Қарадай жаным ашып кетті. Оқудан шығарып алайын дедім. Шешесі шырылдайды: "Сонда бұл кейін қалай жан бағады?" деп. Жан бағу? Қытайдың қалың шөмшегін білмей-ақ талай адам жан бағып жүр ғой. Дәл қазір   қанша адам жан бағып жүр?! Бәрі белгілі. Тәубә дедім, бәріміз де жіпсіз байланған баспақ екенбіз.

Көп ойладым: мұғалімі қолына балта ұстаған бағбан екен де, балам балтаға тап болған балғын шыбықтай күй кешуде екен. Бұтақтарын бұтап сидамдап қана қоймайды. Көктеп бүршік жарып келе жатқан бүршіктің ұшын да тынымсыз шырпытады, кертеді. Бұл бағбанның ісі әйтеу қандай ағаш болса да, әй-шүйге қаратпай тегіс бір бейнеге келтіру. Ол жеміс бере ме, қандай жеміс береді деген бас ауыртатын істермен түкте жұмысы жоқ. Оны ойламайды да. Үйткені, оны да соған зорлап тұрған біреулер бар көрінеді. Заман шығар. Атаңа нәлет заман,  шіре кигізбей-ақ мәңгүрт қылған!

Неше күннің алдында ана тілі оқулығының (шын мәнінде  қаршадай баладан емес, тіл мамандарынан сұрайтын сұрауға жауап беруді талап ететін мәңгүрттендіруші тіл оқулығы) ішінде қалың жапсырма гүлдерді көрдім. Мен оның мәнін білуші едім. Ол баланы шабыттандыру үшін алдымен шекесіне жапсырылып, одан кітаптың ішіне көшетін. Бұл бейне балаларға шөлде келе жатқанда, бір сусындап өтетін мөлдір бұлақ сияқты еді. Оны алған күні балам әжептәуір қуанып келетін (сондықтан мен бұл гүлдерді жақсы көрем.) Кітәбінің ішінде қалың гүл жапсырулы тұр. Оны көріп қуанып кеттім. Айналасы жалғыз-ақ айда сонша гүлдің иесі болыпты. Еріксіз еркелеттім. Бірақ, ол қуанған жоқ. Себебін сұрадым. Сүйтсе, бұл гүлдердің бес-алтауы ғана мұғалімі берген, қалғанын өзіне-өзі берген екен. Көзімнен жас ағып кетті. Арман-тілегін көшедегі бұташа қырқып тұрса да, жақсылыққа, тірлікке, жылтыраған болмашы үмітке ұмтылуын қарашы!!! Ол да жылады. Ол енді оқуға түспеген кезіндегі уайымсыз, шектеусіз өскен кездерін аңсап жылап отыр.

Енді әке-бала екеуміз отырып кеңестік: оқу - жаман дедік, адамдар - жаман дедік. Үшеуден үшеу болып, бұл адам баласы бара алмайтын жерге кетсек дедік. Ол жердің суретін сызып та шықтық. Ол барлығын ұмытып енді көңілденді. Кәдімгідей уайымсыз сыңғырлаған күлкісі естіледі. Мені ат қылып мініп әлгі арман мекенге тартып та кетті. Алдында қалың қой (қалың асық) . Атынан түсіп қойларын күзетіп тоңқайып алып ол қойын бір, бұл қойын бір шұқып жатып ұйықтап та кетті...

Таңертең аса көңілді тұрды. Көрген түсін айтып жатыр. Түсінде бізбен бірге әлгі жер ұйық мекенге барыпты. Сызбасын қолынан түсірмейді. "Бұл - Қазақстан! " дедім балама. Ол дереу жазды. Жазу дегендегі жазуы қытайша пиниін еді.

Сәби ғой. Тартқан қорлықтарын ұмытып тұр. Қуанышпен секіреді. Ал, менің жүрегім сыздап тұр, сыртым күлімдейді. Үйткені, менен басқа бір жарым миллион қазақтың ішінде талайының көңілі май асағандай күпті, жүрегіне сыздауық шыққандай мазасыз жүр ғой. Қорлыққа туған екенбіз. "Көшейік!!!  - дедім,  - отбасымдағыларға - көшейік!!! ".

Шын жүрегімнен айттым, ағайын, - «Көшейік».

Нағыз қазақтық үшін, көңіл еркіндігі үшін Көшейік!

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2253
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3512