Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 1052 0 пікір 10 Ақпан, 2023 сағат 12:53

Қазақстандағы БҰҰ еріктілері кім және олар немен айналысады?

Бүгін біз БҰҰ волонтерлері және олар не істейді және кім сол қатарда бола алатыны туралы жиі қойылатын сұрақтарды жинадық.

Осы және басқа да сұрақтарға БҰҰ Еріктілер бағдарламасының Қазақстандағы үйлестірушісі Никита Шабаев жауап берді.

БҰҰ еріктілері кімдер?

– Олардың барлығы БҰҰ-ның бір бөлігі болғысы келетін, кем дегенде 18 жастағы және БҰҰ еріктілер платформасында өз профиліне ие болу үшін жеткілікті түрде бастамашыл, бейбітшілік пен тұрақтылық құндылықтарымен бөлісетін, сондай-ақ Қазақстандағы немесе бүкіл әлемдегі БҰҰ агенттіктеріне, қорлары мен бағдарламаларына, тіпті онлайн режимінде көмек көрсетуге ұмтылатын азаматтар.

- Олар немен айналысады?

Біріккен Ұлттар Ұйымының волонтерлері лауазымдарынан өткен БҰҰ бөлімшелеріне көмектеседі, ал олар өз кезегінде тұрақты бейбітшілік пен дамуға қол жеткізуге, тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған мемлекет пен барлық бастамаларға қолдау көрсетеді.

Қалай БҰҰ волонтері атануға болады?

- Ол үшін бірыңғай еріктілер платформасына (Unified Volunteering Platform) кіруге, тіркелуге және өз ноутбугыңыздан немесе смартфоныңыздан кез келген бос жұмыс орындарына өтініш беруге жарты сағат жеткілікті. Әрбір бос жұмыс орнының орындалу мерзімі (1 күннен 4 жылға дейін), кандидатқа қойылатын талаптар (жасы, тәжірибесі, тілдерді білуі және т. б.) бойынша толық сипаттамасы болады.

- БҰҰ еріктісі болып жүрген Қазақстан азаматтарынан кімді ерекше атап өтуге болады?

- Біреуді бөліп көрсету мүмкін емес, өйткені БҰҰ-ның Қазақстандағы немесе қазақстандық барлық еріктілер керемет балалар! Олар, барлық еріктілер сияқты, өз отанының патриоттары, қай жағдай болсын бей-жай қарамайды, сонымен қатар өз қызметінде оң өзгерістерге қол жеткізеді. Сондай-ақ, Қазақстанның бастамасы бойынша 2020 және 2021 жылдары әлемнің Иордания, Кения, Таиланд Корольдігі және Түркия сияқты 4 елінде БҰҰ-ның әртүрлі агенттіктері мен бағдарламаларына жолдама алған біздің азаматтарымызды, Қазақстаннан келген БҰҰ еріктілерін атап өткен жөн. Олар бір жылдан екі жылға дейін сонда болып, бүкіл әлемге қазақстандықтардың бұл әлемді қалай жақсы жаққа өзгертетінін көрсетті.

Егер бала әлі 18 жасқа толмаса болмаса, БҰҰ Еріктілерінде ақылы практикант, тағылымдамадан өтуші бола ала ма?

- Егер сіз әлі 18 жаста болмасаңыз ештеңе етпейді. БҰҰ еріктісі бола алмағанмен, мен жеке өзім басқа платформаға кіруге кеңес беремін. qazvolunteer.kz платформасында өзіңізге ұнайтын еріктілікті табу, сіздің елдімекеніңіздегі еріктілер тобына қосылу немесе ерікті ретінде іс - шараға қатысу – бұл үлкен тәжірибе! Барлық сертификаттарды, алғыс хаттарды және тіпті анықтамаларды сканерлеуді ұмытпаңыз-мұның бәрі болашақта сізге пайдалы болады. Бірақ ең бастысы 18 жасқа толғаннан кейін БҰҰ еріктісі лауазымына оңай өтуге мүмкіндік береді!

БҰҰ ерікті болғысы келетіндерге қандай кеңес бересіз?

- Мен шет тілдерін үйренуге кеңес беремін. Кем дегенде ағылшын тілін жақсы білсе, одан бөлек БҰҰ-ның тағы бір немесе екі тілін білсе құба-құп. Қандай тіл екеніне Google көмектеседі! Ал келесі кеңесім тағдырдан тосынсый күтпеңіз, ол өзімен көп жұмыс істейтіндерге, бастамашыл және белсенді адамдарға өзі көмектеседі. Менің барлық кеңесімді оқығаннан кейін app.UNV.org платформасымен танысып, youtube-тан халықаралық ұйымдар мен БҰҰ-дағы құзыреттілік бойынша сұхбаттың қалай өткізілетінін көрсеңіздер болады. Ең бастысы, қызығушылықтарыңыз арта берсін, еріктілік арқылы жақсылыққа ұмтылыңыздар дегім келеді. Баршаңызға сәттілік!

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5456