Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3391 0 пікір 9 Сәуір, 2013 сағат 07:35

Шығыс Түркістан Республикасының қилы тағдыры (жалғасы)

Суретте: Абдікерім Аббасов.  Абдікерім Аббасов  «Құлжа азаттық ұйымымен» қосылып, әскери қолбасшылық штаб құрған адам.

 

06.10.1944

Ужұңшин меңгерме, басқарма жауаптыларын шақырып, мәжіліс ашты. Жер-жердегі қарулы көтеріліске бағыттап тазалау мен «көңіл аулауды» қатар қолдану бағытын белгіледі. Әскери жақтан Жушаулияң жаныштауға жауапты болды. Үкімет жақтан аймақ, аудандарда «өзін қорғау қосыны» құрылып, тығыз сайкесетін болды. «Көңіл аулау» жағында Шыңшысай қамаған әр ұлт қайраткерлерінен 270-тей адамды түрмеден деру босатуды («кейін тағы да бірнеше жүз адамды іркес-тіркес босатуды) ұйғарды. Түрмеге қамалған әр ұлт әйгілі қайраткерлерінен, айталық, Әлен жуанжаң, Гуаң лу, Бұаһан Шаһидилермен өздері бет көрісті немесе атап босаттырды. Кейбіреулерін үлкен мәнсапқа қойды. Бір бөліміне жол қаражатын беріп, үйлеріне дейін жеткізіп салды. Сөйтіп, жұртты өзіне қаратпақ болды.

***

09.10.1944

Ластай партизандар қосыны Нылқы қалашығында екінші рет реттеу жүргізді.

Бірінші үлкен атреттегілер негізінен қазақтардан құрам тапты. Бастығы Әкбар, орынбасары Сейіт болды.

Екінші үлкен артетті ұйғырлардан жасақтап, Қайнамды жауапты етті.

Үшінші үлкен атретті гүйхуалар (орыстар) құрады. Жетекшілікке Иван Шатов бекітілді.

Суретте: Абдікерім Аббасов.  Абдікерім Аббасов  «Құлжа азаттық ұйымымен» қосылып, әскери қолбасшылық штаб құрған адам.

 

06.10.1944

Ужұңшин меңгерме, басқарма жауаптыларын шақырып, мәжіліс ашты. Жер-жердегі қарулы көтеріліске бағыттап тазалау мен «көңіл аулауды» қатар қолдану бағытын белгіледі. Әскери жақтан Жушаулияң жаныштауға жауапты болды. Үкімет жақтан аймақ, аудандарда «өзін қорғау қосыны» құрылып, тығыз сайкесетін болды. «Көңіл аулау» жағында Шыңшысай қамаған әр ұлт қайраткерлерінен 270-тей адамды түрмеден деру босатуды («кейін тағы да бірнеше жүз адамды іркес-тіркес босатуды) ұйғарды. Түрмеге қамалған әр ұлт әйгілі қайраткерлерінен, айталық, Әлен жуанжаң, Гуаң лу, Бұаһан Шаһидилермен өздері бет көрісті немесе атап босаттырды. Кейбіреулерін үлкен мәнсапқа қойды. Бір бөліміне жол қаражатын беріп, үйлеріне дейін жеткізіп салды. Сөйтіп, жұртты өзіне қаратпақ болды.

***

09.10.1944

Ластай партизандар қосыны Нылқы қалашығында екінші рет реттеу жүргізді.

Бірінші үлкен атреттегілер негізінен қазақтардан құрам тапты. Бастығы Әкбар, орынбасары Сейіт болды.

Екінші үлкен артетті ұйғырлардан жасақтап, Қайнамды жауапты етті.

Үшінші үлкен атретті гүйхуалар (орыстар) құрады. Жетекшілікке Иван Шатов бекітілді.

Жалпы әскери қуаты 800 дей адам болып, осыдан бастап «Нылқы партизандар қосыны» деп аталды. Оның ықпалы Құлжа, Текес, Күнес, Тоғызтарау аудандарына тез тарады.

***

09.10.1944

Дудыфу Іледен айропланмен Үрімжіге келіп, Жушаулияңға мәлімет берді, одан әскери күшті молайтуды талап етті.

***

12-16.10.1944

12-қазан күні Жушаулияң запас 7-дивизия 19-полкінің командирі Пыңжұниеге 2-батолион мен бір миномет ротасын бастап Ілеге көмекке баруды, сондай-ақ Іле аймағында (Жың, Бұратала, Арасан аудандарынан сырт) тұратын гоминдаң армиясы мен амандық қорғау бөлімдеріне біртұтас қолбасшылық етуді, Пыңжұниеге әскери бөлімді бастап 16-күні Құлжаға жетіп баруды бұйырды.

***

18-19.10.1944

18-күні Жушаулияң орналастыруын өзгертіп, запас 7-дивизияның штаб бастығы Саурылиңды Іле аймағын орнықтыратын уақыттық қолбасы етіп, осы аймақта тұратын армия мен амандық қорғау бөлімдеріне біртұтас қолбасшылық етуге жіберді.

Саурылиң 19-күні айропланмен Құлжаға барды. Ол Нылқы партизандар қосыны мен гоминдаң әскери бөлімдерінің мазардағы «тіресу» жағдайына негізделе отырып, Іледегі қазіргі әскери күшті Мазардан шығысқа қарай «тазалау жүргізуге» орналастыруды ұйғарды. Сонымен бір уақытта Күшарда тұратын армияның атты әскер 4-полкін Мұзарт асуын асып, оңтүстіктен солтүстікке қарай «тазалау жорығын жасауды», запас 7-дивизия 21-полкін Жың ауданының Ашалы асуынан Құлжаға баратын жолды тосуды бұйырды.

***

1944-жыл, қазан айының орта шені.

Сүйдің ауданының (қазіргі Қорғас ауданы) Кеңсай жол қорғау орнының бастығы Фатей Иванович Лескин, Кеңсай өңірінде партизандар қосынын құруға кірісті.

***

1944-жыл, қазан айының орта шені.

Жеменей, Қобық, Қаба, Буырылтоғай партизан қосындары қызыл адырда мәжіліс ашып, «Азаттық ұйымы» мен партизандар қосынының бірлескен қолбасшылық штабын құрды.

***

21.10.1944

Өлкелік үкіметтің жорасы, қосымша Халық істер меңгермесінің бастығы Дыңшияңхай бастаған Гуаңлу, Узал Сарачүн қатарлылардан ұйымдастырылған «Құлжа хал сұрау үйірмесі» Құлжаға барып, Әкімбек Қожа қатарлы беделді қайраткерлерден және Кеңес Одағының Құлжада тұратын консулханасындағылардан «хал сұрап», әңгіме мәжілісін өткізді. «Нылқы оқиғасы Шыңшысайдан қалған жарақат» деп өтірік айтты. Әрі қылмыстылар босатылады, өлгендердің сүйегі беріледі, тәркіленген мүліктер қайтарылады деп уәде берді. Осылайша жерлік халықтың қарсылығын баспақшы болды.

***

21-23.10.1944

Нылқы партизандары жіберген бөлімше партизандар атреті Жың аудандық сақшы мекемесінің қорғауындағы Ашалы асуын алды. 23-күні үдіре тартып, Жың қалашығынан 15км аралықтағы жерлерге дейін барды.

***

26.10.1944

Ужүңшин Жаңжиешиге телеграмма жолдап, Кеңес Одағында оқыған, орыс тіліне жеттік, Қытайдың Кеңес Одағы елшіханасының қызметкері Лию Зырыңды Шыңжаңға тезірек жіберіп, АҚШ-та оқыған сыртқы істер министрлігінің Шыңжаң өлкесіндегі сыртқы істер арнаулы өкілі Узышияңның орнына қоюды талап етті.

***

28.10.1944

Ужыңшие Іле, Алтай, Тарбағатай, аймақтарының уәлилеріне телеграмма жолдап, былай деді:

«Кеңес Одағы мен Шыңжаң шегаралас, байланысымыз қою, етене көршілерміз. Орталықтың жер-жердегі елшіханалардың қызметкерлеріне және мұһажырларға әдеп-иба көрсету, бірер іс болса өзара селбесу, тату-тәтті мереймен көршілік қарым-қатынас жасау керек деген нұсқауы бар. Мұны жер-жердегі мәнсаптылар терең түсіну керек!»

***

29.10.1944

Запас 7-дивизия 21-полкі Манас ауданынан Жың ауданына барып, Дахиянзы мен Ашалы асуына орналасты.

***

1944-жыл, қазан айының соңғы шені.

Гоминдаң Күнес басқару мекемесінің бастығы Ло Жихұй Нылқы партизандарының Нылқы қалашығын басып алған хабарын естіп, қалашықты тастап, армия мен үкімет адамдарын бастап, Қарашаріге қашып кетті. Мыңбасы Жәйірбек Бестөбеде (қазіргі Күнес ауданының қалашығы тұрған жер) қолбасшылық штаб құрып, билікті өткізіп алды.

***

1944-жыл, қазан айының соңғы.

Құлжада құралды көтеріліс жасау шарт-жағдайының пысып-жетілгеніне қарай отырып, «Құлжа азаттық ұйымы» Әбдікерім Аббасовты Кеңес Одағынан көмек сұрауға жіберді.

***

1944-жыл, қазан айы

«Алтай төңкерістік уақыттық үкіметі» Шіңгіл ауданының Бұлғын деген жерінде құрылды. Оспан Исламұлы үкіметтің басшысы; Дәлелхан Сүгірбаев үкімет басшысының орынбасары, қосымша әскери істер қолбасшысы; Ләтіп Мұстапаұлы, Рамазан Бөлімұлы, Молла Іслам Смайлов қатарлы он кісі жора болды. Сонымен бірге, Алтай партизандар қосыны ретке салынып, 9 үлкен атретке бөлінді.

***

02.11.1944

Нылқы партизандар қосыны гоминдаң армиясының бір батолиондық әскери күшінің қоршауында қалып, Нылқы қалашығын амалсыз тастап, Ластайға шегінді.

***

03.11.1944

Нылқы партизандар қосыны Жалынқолда Ластайға шабуыл жасап келген запас 7-дивизия 19-полк 2-батолионының бір ротасымен сегіз сағат қиян-кескі шайқас жүргізіп, гоминдаң армиясын ойсырата шығындатып , шегіндірді. Партизан қосынының басшысы Әкбар ауыр жараланып, 10-күні құрбан болды.

***

04.11.1944

«Құлжа азаттық ұйымы» Кеңес Одағының Құлжада тұратын армияның негізгі әскери күшінің Нылқы ауданы өңіріне жөткеліп келген, қаланы қорғап тұрған мың бес жүзден көбірек әскер, сақшылар Іле аймақтық сақшы мекемесі, Айранбақ айродромы, Гүюаңмияу қолбасшылық штабы, сауда-өнеркәсіп серіктігі қатарлы жерлерге бытырай қоныстанған жағдайдан пайдаланып, бір жағынан қала ішінде бұқараны астыртын аттанысқа келтіру, ұйымдастыру және құралдандыру істерін істеді. Сонымен бір уақытта іш пен сырт бірлесіп, Құлжаны бір жолда алу үшін Нылқы ауданындағы Ластайға адам жіберіп, Нылқы партизандар атретін Құлжаға дереу шабуылға өтуді талап қылды.

***

04.11.1944

Любиңды, Гаууилар Жалынқол шайқасында ойсырай жеңілгендіктен, Үрімжіге шұғыл телеграмма жолдап, көмек сұрады.

Телеграммада былай деді: «Бүлікшілердің» күші күннен - күнге күшейіп барады. Мың бес жүзден көбірек адамы, үш жүзден астам мылтығы бар. Барлығы атты әскер. Нылқы ауданына барған автомоблдер қайтқанда түгел жаралы әскер алып қайтты. Құлжа ауданының Пәнжім, Желиүз және Сүйдің ауданының Лаусаугу деген жерінде түгел жасырын ұйымдар қимыл жасайды. Іленің аудандарындағы ханзу қызметкерлер мен ханзу бұқара Құлжаға келіп алды. Құлжа қауіп астында қалды. Көмекке әскер біберуді өтінеміз.

***

05.11.1944

Құлжа көшелерінде «Халықты езіп отырған үкіметті жояйық!», «Мұсылмандар бірлесіп, қытайларды қуып шығайық!», «Дұңбилықтар* Шыңжаңнан шығып кетсін!», «Төңкеріс жеңісі жасасын!» деген мазмұндағы ұрандар мен үгіт қағаздары байқалды. Іле аймақтық сақшы мекемесі Шыңжаң өлкелік армия үкімет билеушілеріне шұғыл телеграмма жолдап: «Құлда дүрбелеңі бұрқ ете түскелі тұр, дұрбелең жасауға әзірленген қару-жарақ қалаға тасылып жатыр» деді.

--------------------

Дұңбилықтар*- «18-қыркүйек» оқиғасынан кейін, шегініп Кеңес Одағына барған, Шығыс солтүстік Жапон шапқыншыларына қарсы Жаужүректер қосынындағылар. 1933-1934 -жылдары Кеңес Одағының Сибериясы арқылы топ-тобымен Шығыс Түркістанға келді. Олар Іле, Тарбағатай, Үрімжі қатарлы жерлерге орналастырылды.

***

05.11.1944

Нылқы партизандар қосыны Мазарға шабуылға өтуді жоспарлап жатқанда, «Құлжа азаттық ұйымының» ұқтыруын тапсырып алып, бұрынғы жоспарын өзгертті. Ластайға шабуыл жасап келе қалған гоминданң әскери бөлімдеріне тосқауылдап соққы беру үшін, Мазар асуына азырақ құралды күш қалдырғаннан сырт, негізгі күшті үш жолға бөліп, гоминдаң армиясының базасынан айналып өтіп, тау жолымен Құлжаға төте тартты.

***

06.11.1944

Таң сәріде Нылқы партизандар қосынының 2-үлкен атреті Құлжа қаласының маңындағы белгіленген жерге келіп жетті. Бірақ, 1-, 3-үлкен атреттер межелі жерге дер кезінде жетіп үлгірмегендіктен, 2-үлкен атрет жеке-дара Құлжа 3-райондық сақшы мекемесіне шабуыл жасап, гоминдаң армиясының 128-дивизиясының бір батолиондық әскери күшінің 3 айрпланының қорғауында жасаған қайтарма шабуылына ұшырап, амалсыз Тұрпанюзге шегініп, 1-, 3-үлкен атреттермен қосылып, сол күні түнде Үшдарбазаға жетіп, бұйрық күтті.

***

06.11.1944

Фатей Иванович Лескин партизандар қосынын бастап, Лусагу сақшы бөлімшесіне тұтқиыл шабуыл жасап, район бастығы, сақшы бастығы, сақшылары бар ондаған адамды атып өлтіріп, Лусагуды басып алды. 53 мылтық олжа түсірді. Хабар таралысымен, партизандар қосынына қатынасуға келген адамдар толастамай, бірдемде жүз адамға жетіп, Могтнов, Лексиндер  бастаған партизандар қосыны ұйымдастырылды. Сол күні Абдікерім Аббасов Кеңес Одағының командирі Петр Романович Александровпен бірге құралды қосын бастап, Кеңес Одағынан Қорғас арқылы Құлжаға жасырын кіріп, «Құлжа азаттық ұйымымен» қосылып, әскери қолбасшылық штаб құрды. Бұған Александров жауапты болды. Мүшелері Рахымжан Сабырхажиев, Аббасов, Варсатови Михайловия Мажаров, Қасымжан Қамбарилар болды. әскери қолбасшылық штабы 7-қараша күні қала бойынша көтеріліс жасап, Нылқы партизандар қосынының Құлжаға шабуыл жасауына сәйкесуді ұйғарды.

***

07-10.11.1944

7-қараша күні таң сәріде Нылқы партизандар қосыны Құлжа қаласына шабуыл жасады. Қаладағы ұсақ ұлт бұқарасы оған жабал үн қосты. Бірнеше күнге созылған қиян-кескі шайқаста ілгерінді-кейінді Алтышар көшесі, Сұлтан көпірі, Сайбойы қатарлы жерлерді басып алды. сайбойы көпірін меңгеруге алды. қыздар орта мектебінің ғимаратын иелеп, Уәли мекемесіне және Аймақтық сақшы мекемесіне, Сауда өнеркәсіп серіктігіне баратын маңызды жолдарды өрт күшімен ұстады. Лю Биңдыны атып өлтірді. Сау Рылиң бір жақтан 19-полктің 1-баталионына уәли мекемесі, аймақтық сақшы мекемесі, сауда-өнеркәсіп серіктігі қатарлы орындарды берік қорғауға шұғыл бұйрық түсірді. Енді бір жақтан Нылқы ауданындағы 19-полктің 2-баталионын көмекке шұғыл жөткеді. Сонымен бірге, Жың ауданында, Ашалы асуында тұратын 21-полкке Құлжаға келіңдер деп шұғыл телеграмма жолдады.

9-қараша күні Жушаулияң, Ужұңшиндер мынадай ұйғарым жасады:

1). Запас 7-дивизияның командирі Ли Юшияң Құлжаға әскери істерді басқаруға жіберіледі. 2). Дыңшияңхай Құлжаға хал сұрауға жіберіледі. 3). Зо Шупиң Іле аймағының әкімшілік бақылау уәлилігіне тағайындалып, Дыңшияңхаймен бірге барып, міндет алады. 4). Сыртқы істер министрлігінің Шыңжаң өлкесінде тұратын сыртқы істер ерекше уәкілдер мекемесінің уәкілі 10- қараша күні  Зо Шупиң, Лиюшияң, Дыңшияңхайлармен бірге айрпыланға отырып, Құлжаға барып, Кеңес Одағымен арадағы депломатиялық істерге селбеседі.

Осы күні запас 7-дивизияның 21- полк командирі Жияң Шуаншуан бұйрық бойынша көмекші әскери бөлімді бастап, ұрыс жүргізеді. Запас 7-дивизия, 19- полкінің 2-батолионы Нылқы қалашығын тастап, Құлжаға көмекке барды. Бұлар Айранбақ өңірінде партизандар атретінің тосқауылына ұшырап, қалаға кіре алмады.

***

10.11.1944

Лусагу партизандар атреті Кеңсайды құрсаулап, Үрімжі-Іле тас жолын тосып тастады.

***

10.11.1944

Кеште Саурылияң Жушаулияңға телеграмма жолдап, «Құлжа оқиғасы» ақуалын мәлімдеді, әрі мынадай шешу әдістерін айтты: 1). Әскери бөлім күшін үздіксіз молайту керек. Мемлекеттен әл кеткенше шайқаспай болмайды. 2). Депломатиялық тәсілмен ымыраға келу, оны достық көмек деп атаса болады. Бірақ, Кеңестік Россияның әскер жіберуіне жол бермеу. 3). Қаладағы «Бандылар» түгелдей орыстар мен татарлар. Олар концульхананы база етіп отыр. Қару-жарақтарв түгелдей Кеңес Одағында жасалған. Бірден-бір жол жоғарыдағы екінші әдіс қана.

***

10.11.1944

Құлжа жағдайы шұғыл өзгеріп, айрпланның ұшып-қонуына сенім болмағандықтан, Зошупиң, Лиюшияң, Дыңшияңхайлар Құлжаға бару жоспарын өзгертіп, Лишаулияң мынадай жаңа ұйғарым жасады: 1). Лиюшияң бір батолионын Құлжаға көмекке жіберсін. Сонымен бірге, Дахиянзыдағы 21-полктің бір батоллионы көне Артайға (екінші бекет) барып орналасып, Үрімжі-Іле тас жолындағы қатынастың үзілмеуін қамтамасыз етутелеграмма арқылы бұйырылсын! 2). Іле аймағы бойынша әскери түс жариялансын! Сыртқы істер ерекше уәкілдер мекемесі Кеңес Одағының Құлжада тұратын концульханасына нота тапсырып, күтпеген істердің туылып қалуынан сақтану үшін олардан Құлжа маңындағы Кеңес мұғажырларын Елшілікке жинап алуын өтінсін! 3). Дөрбілжіннен бір батолион жаяу әскер Шихуға, Қобықтағы атты әскер полкі Дөрбілжінге жіберілсін!

***

10-12.11.1944

10-қараша күні таң алдында Нылқы партизандар қосыны Әскери қолбасшылық штабымен бірге Құлжа қаласындағы гоминдаң қарауылшы армиясына жаппай шабуылға өтті. Партизандар қосыны екі бағытқа бөлініп, қарауылшы армияның штабына аймақтық сақшы мекемесіне және сауда-өнеркәсіп серіктігіне түйінді шабуыл жасады. Сейіт бастаған атрет бұқараның сәйкесуінде екі сағат қиян-кескі шайқас жасап, қарауылшы армия штабын басып алды. сейіт ауыр жараланғандықтан, партизан қосынын Манапхан басқарды. 12-қараша күні Құлжа аудандық үкіметін, аудандық сақшы мекемесін және уәли мекемесін алды. Сонымен бір уақытта, Қайнам бастаған екінші бағыттағы атрет бұқараның дем беруінде аймақтық сақшы мекемесі мен сауда-өнеркәсіп серіктігін өздеріне қаратты. Гоминдаң армиясының бір батолиондық әскери күші жойылды. Екі қойманы қорғайтын гоминдаң әскери бөліміндегі ұсақ ұлт әскерлерінен 400-ден астам адам көтеріліс жасады. Сонымен Құлжа қаласы районы түгелдей партизандар қолына өтті.

Сау Рылияң қарауылшы әскерлердің қалған-құтқанын, командирлер мен әскерлердің бала-шағаларынан, Нылқы ауданынан көмекке келген мәнсаптылардан, ханзу бұқарасынан жиыны 8 мыңнан көбірек адамды бастап, қала маңындағы айродром және Айранбақ, Гұйяң бұтқаналарының биігін иелеп, көмек келуін күтті. Тек, Гу үй ғана бұйрық беріп, аймақтық сақшы мекемесінің ауласындағы түрмеде жатқан бірқыдыру ұсақ ұлт бұқарасын қырғындағаннан кейін, аз адамды ертіп, Іле өзенінен өтіп, Сұмыл ауданына қашып барды.

***

1944-жыл, қараша айының бас шені.

Абдірейім, Баудіндер Сүйдүң ауданының Ланган өңірінде жасырын қимыл жасады әрі Лаусагу партизандар атретімен байланыс орнатты. Осыдан соң Құлжа жақ Мұқпыл төре бастаған 20 неше адамды жіберді. Сонымен Сүйдүң партизандар қосыны құрылды.

***

11.11.1944

Жушаулияң, Ужұңшин екеуі Жияңжиешіге телеграмма жолдап, былай деді:

Қазіргі жағдайда Кеңес одағымен депломатиялық қатынасты біржолата ретке салу әдісін қолданбасақ, «Іле оқиғасы» сияқты оқиғалар толастамайды. Шыңжаң алдағы жерде мүшкіл халге кіріптар болады. Олар тағы мынадай ұсыныс қойды: Орталық үкімет Вашингтон жақтың Кеңес Одағы үкіметімен сөйлесіп, Қытай мен Кеңес шегарасының бұрынғыдай тыныш болуына мүмкіндік жасауы; Кеңес Одағы елшілігімен шындап кеңесу үшін, жайшылықта Кеңес Одағымен байланысы тәуір адамдарды дереу Шыңжаңға жіберуі керек. Сөз соңында әскер, экономикалық жақтардан Шыңжаңның күшін толықтауды да талап етті.

***

12.11.1944

«Құлжа азаттық ұйымы» ұйғыр, қазақ, қырғыз клубында жиналыс ашып, «Шығыс Түркістан Республикасы уақыттық үкіметі» құрылғандығын жариялады.

Мемлекет туы ортасына сары Ай, жұлдыз орнатылған жасыл ту болады деп белгіледі.

Әлихан Төре, Әкімбек Қожа, Әбдіроп Мақсұм, Рахымжан Сабыр Қажиев, Мұқаметжан Мақсұм, Әбдікерім Аббасов, Қабип Бернашев, Әнуар Мұсабаев, Павел Паблович Москалев, Әбілқайыр Төре, Бука Амбал, Ғайни Иолдаш, Салжанбай Бабажан, Әбліміт Әли Халпе, Петр Романович Александров, Қайнам қатарлы 16 адам сайланып, Уақыттық үкімет комитеті ұйымдастырылды.

Әлихан Төре үкімет төрағалығына, Әкімбек Қожа үкімет төрағасының орынбасарлығына, Әбдіроп Мақсұм Үкіметтің бас хатшылығына сайланды.

Жиналыс Уақыттық үкіметке қарасты құрлымдарды құруға және Уақыттық үкіметтің орган газетін шығаруға кірісуді; әскери қолбасшылық штабын Уақыттық үкімет партизандар қосыны бас штабына өзгертіп, Александровты бас қолбасшы етіп тағайындап, жер-жерде соғыста жүрген барлық құралы күшке біртұтас басшылық етуді ұйғарды.

***

12.11.1944

ШТР Уақыттық үкіметі комитеті №1 қаулы мақұлдады. Басты мазмұндары мынадай: 1). Бұрынғы Қытай үкіметінің мал-мүлкін Уақыттық үкіметтің бекітуінсіз жұмсауға болмайды. 2). Жер-жердегі партизандар қосынының киім-кешегін, Уақыттық үкімет бекіткеннен кейін, бас штаб жауапты болып таратады. 3). Қабип Бернашев жауапты болып Оқу-ағарту меңгермесін; Әнуар Мұсабаевке Қазына меңгермесін;  Әбілқайыр Төреге Мал шаруашылық меңгермесін; Салжанбай Бабажан жапаты болып егін, Орман, су шаруашылық мекемесін құруды ұйғарды. Әбліміт Әли Халпеге дінни әйгілі қайраткерлерден ұйымдасқан Дінни істер меңгермесін жасақтау тапсырылды. Жоғары сот мекемесін құруға  Мұқаметжан Мақсұм бекітілді.

4). Тасымал, үй, сауда, мал шаруашылық өнімдер салығы жаңа әдістер бойынша алынады. Ал, басқа салықтар ескі үкіметтің белгілемесімен атқарылады. 5). Бұрынғы Қытай үкіметі таркілеген жекелердің үйлері мен кәсіпкерлердің сауда бұйымдары өз иелеріне қайтарылады.

***

12-15.11.1944

12-қараша күні Лусаугу партизандар атреті Петей Иваннович бастаған құралды бөлімді жаңа Артай, Талқының кезеңі, Сыминтузы қатарлы жерлерге шабуыл жасауға жіберді. Гоминдаң әскери бөлімдері 13-қараша күні Сыминтузыны, 14-қараша күні Талқының кезеңін қайтарып алды. Лескин бөлімі амалсыздан жаңа Артайға шегінді. 15-қарашада Гоминдаң әскери бөлімдері жаңа Артайға шабуыл жасап, жеңілді. Броновик автомоблдері қүйретілді. Сөйтіп Сыминтузыға шегінді.

***

13.11.1944

Ужұңшин Гаубоюды Алтайдың уәлилігіне тағайындады. Оған өлкелік сақшы бастығының орынбасары Сау Тиянжумен бірге Алтайға барып, Алтай партизандарын «елдесуге» шақыру жөнінде бұйрық берді.

***

13.11.1944

Саурылияң Жужаулияңға телеграмма жолдап, Құлжа қала районының қолдан кеткенін, әскери бөлімдердің Айранбақ, Айродром, Гүюаңмияуға шегінгенін мәлімдеді. Дереу әуеден азық-түлік, оқ-дәрі, дәрі-дәрмек жеткізіп беруді; тез арада үлкен мәнсаптылар, көмекші әскери бөлім жіберуді талап етті.

***

14.11.1944

Шығыс Түркістан уақыттық үкіметі Талғат Мұсабаев, Гуаңлу, Любиңилерді Тоғызтарау ауданына барып, сол арадағы гоминдаңның армия, үкімет қызметкерлерін тізе бүгуге насихаттауға жіберді.

***

14.11.1944

Жияңжиешы Ужұңшинге телеграмма жолдап, Люзырұңды сыртқы істер министрлігінің Шыңжаңда тұратын сыртқы істер уәкілі етіп тағайындауға қосылатындығын білдірді.

***

14.11.1944

Гоминаң 29-құрамасының бас қолбасшысы, қосымша жаңа 2-армияның командирі Литиежүн Құмылдан айрпланмен Үрімжіге келіп, Іленің «Бандыларды тазалау» жұмысын басқарды.

***

14.11.1944

Жушаулияң Үрімжіде шұғыл әскери істер мәжілісін ашып, бес бағытқа бөлініп Құлжаға көмекке баруды, Құлжаның солтүстік қала маңындағы үш орында бекініп жатқан гоминдаң әскери бөлімдерімен тізе қоса отырып, Құлжаны қайтарып алуды ұйғарды. Оған мынадай жоспар жасады:

Бірінші бағытқа - Жаңа 45-дивизиядағы полк командирі Хууынсы әскери бөлімдерді бастап, Іле-Үрімжі тас жолын бойлап, Сыминтузығы армиямен қосылып, Сүйдіңге жорық жасау. Ары қарай Сүйдіңдегі армиямен бірге Құлжаға басып кіру міндеттелді.

Екінші бағыт - Күшейтілген атты әскер баталионы Ашалы асуына барып, ол араны қорғап тұрған әскери бөліммен бірге Құлжаға солтүстіктен шабуылдау тапсырылды.

Үшінші бағыт - Күшейтілген екі атты әскер ротасы Қарашаріден аттанып, Нарат асуынан асып, Тоғызтарауды басып өтіп, Құлжаға шығыс оңтүстіктен кіреді.

Төртінші бағыт - Күшейтілген бір атты әскер баталионы Ақсудан шығып, Мұзар асуы арқылы Мұңғұлкүрені алып, Құлжаға оңтүстіктен соқы береді.

Бесінші бағыт - күшейтілген бір баталион Арасан ауданынан шығып, Ақсу асуы арқылы Дашигуға барып, Қорғас қалашығында тұратын әскери бөліммен бірігіп, Құлжаға батыс солтүстіктен шабуылңа өтеді.

***

15.11.1944

Жушаулияң запас 7-дивизияның командирі Лиюишияңға запас 7-дивизия штабын және төте қарасты әскери бөлімді, жаңа 45-дивизияның 3-полкін (бір батолион кем) бастап, оған соғыс автомобил атреті мен екі зеңбірек қосып алып, Үрімжіден машинамен Жыңға барып, онан соң екіге бөлініп, жаяу жүріп, Дахиянзы, Ашалы асуы арқылы Құлжаға көмекке баруды ұйғарды.

***

16.11.1944

Ысқақбек Мононов және Кеңес Одағының командирі Александр (атын Ескендір деп өзгертті), Иван Григорвич Палиновтар татар, қырғыз, қазақ ұлттарын негіз еткен бір баталион атты әскерді бастап, Кеңес Одағынан Құлжаға келіп, Айранбақты қоршауға алу шайқасына қатынасты.

***

16.11.1944

8-соғыс районының қолбасы өзіне қарасты әуе армия бас пункитіне Жың ауданында айрдром салып, жаяу әскерге сәйкесіп, Ілеге көмектесіп соғыс жүргізу жөнінде бұйрық түсірді.

***

16-18.11.1944

16-қарашада Мұңғұлкүре ауданындағы Гоминдаңның армиясы мен үкімет қызметкерлері аудан қалашығын тастап, оңтүстік Шыңжаңға қашты. Бұрынғы ойрат мұғұл батолионының бастығы Ошыр Набын бұдан хабар алған соң, бір жақтан адам жіберіп, Құлжамен байланыс жасады. Енді бір жақтан жүздеп құралды адам ұйымдастырып, 18-қараша күні Шаты маңында торуылдап соққы берді. Мұңғұлкүре ауданының әкімі қатарлыларды атып өлтірді. Олардан ондаған адам қашып құтылғаннан сырт, қалғандары түгел тізе бүкті. Өздігінен ұйымдасқан бұл қарулы қосын жеңіске жеткеннен кейін, Мұңғұлкүре партизандар қосыны болып ұйымдасып, ілгерінді-кейінді  Мұзарт асуын қорғап жатқан гоминдаң армиясының екі батолионының Мұңғұлкүре ауданына жасаған үш реткі шабуылын ойрандады. Гоминдаң армиясының оңтүстік Шыңжаңнан Мұңғұлкүре ауданы арқылы Құлжаға көмектесетін жолын кесіп тастады.

***

17.11.1944

ШТР Уақыттық үкіметінің орган газеті «Азат Шығыс Түркістан газеті» мекемесі құрылды. Мекеме бастығы Қабип Бернашов болды. Газет сол күні Құлжада ұйғырша, қазақша, орысша, қытайша (қытай тіліндегісі «Ерікті Шығыс Түркістан» деген атпен) төрт тілде ресіми басылып таратылды.

(Жалғасы бар)

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1570
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2265
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3564