Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3036 0 пікір 11 Сәуір, 2013 сағат 05:20

Бердібек Хабай. Қыз төбелес

Cуретте: 1.  Әлімжеттік жасап, ақша бопсалап жүрген Мәдина есімді сотқар қыз. 2. Тепкінің астында қалған белгісіз оқушы қыз

Жұмыстан қолым қалт етсе, әлеуметтік желілерді кезіп өзіме әрі шығармашылығыма қажетті матерялдар жинастыру - әдеткі шаруам. Осылайша ғаламторды кезіп жүріп YOUTUBE  видео желісінен сұмдық жағдайды көзім шалып қалды. «Tеперь девушки занимаются рэкетом», - деген айдармен берілген бұл түсірілімге әдеткі алыс-жұлыс екен деп мән бермей отырғанмын. Анықтап қарасам, әлгі «рэкеттерім» қазақтарға ұқсайды. Дереу ашып қарадым. Көрдім де  өкіндім. Бейнетаспа 2012 жылдың қазан айының бірі күні Тараз қаласынан жария болған екен. Қолдағы бар мәлімет осы ғана.

Өрімдей қазақтың қызы өзі шамалас жап-жас қызды текпінің астына алып жатыр. Әрине, түсірілімнің сапасы айтарлықтай болмағанымен барлығын анық аңғаруға, естуге  болады. Боқтық сөзге ауызын толтырып алған бойжеткен бет қарататын емес, жығылып жатқан қызды тебеді, ұрады, шашынан жұлады.  Шошып кеттім. Екеуі де қазақ. Анықтап тыңдасам текпінің астында жатқан сары шашты қыз  ана «мықтыға» ақша беруі керек екен. Ақша болғанда бір, не екі жүз теңге емес - бақандай 20 мың теңге. Есімі белгісіз таяқ жеуші қыз барын айтып жалынғанымен  Мадина (сотқар қыздың есімі) үсті үстіне төпелеп, ана байқұстың бет-аузын қызыл-ала қан қылды. «Айтқан сөзде тұрмайтын чортсың ба? Әлде мені сондай деп жүрсіңдер ме сендер?!» - деп және кіжінеді. Онысымен қоймай өзі де таяқтан көз ашпай жатқан балаң қызды  шешіндіріп тастап текпілейді келіп. «Дұрыстап кешірім сұра, ендігәрі қайталанбайды бұл қателік деп айт!» - деп қорқытады.  Мадина ашуына тағы мініп, үсті-үстіне соққы беріп жатып, «43-тің ең мал қызымын деп айт»,- дейді. Мұнысына қарасақ, 43 - Тараз қаласындағы  мектептердің бірі болуы мүмкін.

Ақыры текпіге шыдамаған байғұс қыз ата-анасына өтірік айтып, Мадина сұраған жиырма (20 мың) мың теңгені әкеліп беретініне сендіріп, ант су ішті. Апыр-ай, сонда  жәбірленуші ата-анасына не деп барды екен, қызыл-ала қан болған қызын көріп ата-ана қалай үнсіз қалды?

Айтайын дегенім: біздің мемлекет әлеуметтік желілерге де бір уақ көз салып қадағалап, Қазақстанға қатысты бұзақылық әрекеттерге мән берсе екен деймін. Егерде әлгі Мадина есімді бойжеткеннің бұл қылығын дер кезінде тоқтатпаса, ертең мектеп қабырғасынан шыға салысымен қолын қанға бояуы әбден мүмкін емес пе?  Ал әлгі жәбірленуші қыздың денсаулығына келген залалға кім кепілдік береді? Бесіктен белі шықпай жатып біреуді қан жоса етіп ұрған қыз ертең қалай ана болады? Осы жағына мән беруіміз қажет.

Мақаланың қысқа мазмұнын оқып не ғаламтордағы бейнетаспаны көрген атқа мінерлер мен құқық қорғау саласының мамандары Мадинаның қай өңірлік екенін анықтап дереу тиісті шара қолданулары қажет. Әйтпесе өзі де қаныпезерге айналып кете жаздап тұрған Мадина ертең біреуді жазатайым етіп жүруі әбден мүмкін.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5383