Сенбі, 23 Қараша 2024
1687 1 пікір 18 Наурыз, 2023 сағат 14:23

Әзірбайжан елшісі: Әзірбайжан жұртшылығының қазақ өнеріне деген қызығушылығы өте жоғары

Қазақстанның Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Әзірбайжанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Агалар Атамоглановпен кездесті. Бұл туралы министр өзінің Facebook парақшасында жазды.

«Күн тәртібінде мемлекеттер арасында мәдениет, спорт және туризм салаларындағы өзара ынтымақтастық тақырыбы болды.

Әзірбайжанда қазақ мәдениетінің күндерін өткізу талқыланды. Биыл 25-28 сәуір аралығында Бакуде бірқатар іс-шараны, соның ішінде қазақстандық көрнекті орындаушылардың гала-концертін, Құрманғазы атындағы академиялық Қазақ ұлттық аспаптар оркестрінің концертін, біздің сәндік-қолданбалы өнеріміздің көрмесін және қазақстандық кино күндерін ұйымдастырғымыз келеді. Мемлекет басшысы Әзірбайжанмен мәдени байланыстарды нығайтуды тапсырды, сондықтан мұндай шаралар болашақта тұрақты болуы тиіс.

Әзірбайжан жұртшылығының қазақ өнеріне деген қызығушылығы өте жоғары. Атамогланов мырза Бакуде «Тұран» этно-ансамблі мен «Қазына» ұлттық би ансамблінің концерттерін ұйымдастыруға дайын екенін мәлімдеді.

Сондай-ақ, бірлескен кинематографиялық жобаларды іске асыру мүмкіндігін талқыладық. Өткен жылы Бакуде бірнеше фильмнің көрсетілімі өтті, енді бірлескен фильмдерді түсіру және киноиндустрия саласындағы ынтымақтастықтың басқа да мүмкіндіктерін пысықтағымыз келеді.

Спорт саласы бойынша да сөйлестік. Мысалы, бірлескен жарыстар өткізу және Әзірбайжан спортшыларының қазақстандық турнирлерге қатысуы және біздің спортшылардың Әзірбайжанда өтетін жарыстарға баруын талқыладық.

Екі елді ортақ және өте тығыз тарих байланыстырады. Біз берік қарым-қатынасымызды одан әрі нығайтатын боламыз. Бұл жұмыстар мәдениет күндерін өткізумен шектелмейді. Мысалы, биыл біз ТҮРКСОЙДЫҢ қамқорлығымен бірнеше іс-шара өткізуді жоспарлап отырмыз»,-деп жазды Асхат Оралов.

 

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1471
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5420