Сенбі, 23 Қараша 2024
Міне, көрдің бе? 1963 1 пікір 18 Наурыз, 2023 сағат 15:18

Гаага сотына қанша президент шақырылған?

Украинаға қан қасап салған Путинді Гаага халықаралық соты тұтқындауға бұйрық берді. Ол халықаралық трибуналға шақырылған әлемдегі төртінші президент. Сонымен қатар Ресей балалар омбудсмені Мария Львова-Беловаға да соттауға ордер келген.

2008 жылы Судан президенті Омар әл-Баширге Гаага сотынан қамауға бұйрық келген. Ол  Дарфурдағы қақтығысқа байланысты геноцид жасады деп айыпталды. Бірақ бұл әл-Баширдің тағы да 11 жыл ел билеуіне кедергі болмады. 2019 жылы елде әскери төңкеріс болып, ол тағынан құлайды, қамауға алынады, бірақ әскери трибуналға әлі берілген жоқ.

Ливия Президенті Муаммар Каддафи. Оны тұтқындауға 2011 жылы санкция берілді. Оған жаппай наразылық акцияларын басу операциясы кезінде адамзатқа қарсы қылмыстар жасады деген айып тағылды. Бірақ Каддафиді сотқа дейін көтерілісшілер өлтірді.

Кот-д ' Ивуар Президенті Лоран Гбагбо. 2011 жылы ол сайлауда жеңілген соң бункерге тығылады. Бірақ шабуылдан кейін тұтқындалып, Гаагаға жеткізілді. Гбагбо билікті сақтап қалу үшін жасаған адамзатқа қарсы қылмыстары үшін айыпталды. 2019 жылы ақталды.

Халықаралық қылмыстық сот төрелігі жүйесінде Гаага сотынан бөлек арнайы әскери трибуналдар да бар. Руандадағы геноцид бойынша1994-2015 жылдары, Югославиядағы әскери қылмыс пен адамзатқа қарсы қылмыстар үшін 1993-2017 жылдары әскери трибунал құрылған.

Югославияның бұрынғы президенті Слободан Милошевич Гаагадағы түрмеде үкім шыққанша қайтыс болған.

Қазіргі мәлімет бойынша, Путинге арналған арнайы әскери трибунал құрылу үстінде.

Айта кетейік, Путин мен Львова-Белованы тұтқындауға ордерлер прокуратураға 2023 жылдың 22 ақпанында берген шағымдар негізінде шығарылды.

 

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1471
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5419