Сәрсенбі, 16 Қыркүйек 2026
2319 0 пікір 19 Наурыз, 2023 сағат 17:44

Сайлаушылар таңнан бері белсенділік танытуда

Насихат Бекарысқызы Еуразиялық Интеграция институтының экзетпул жұмыстары бойынша өкілі. Ол Қызылорда қаласында орналасқан №196 сайлау учаскесінде  интервьюер болып бекітілген, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

«Жергілікті уақытпен сайлау сағат 07:00-де басталды. Кешкі сағат 08:00-ге дейін жалғасады. Менің басты жұмысым – дауыс беріп шыққан әр респонденттен экзитпулдың белгіленген сұрақтарын қою арқылы өзіме керекті ақпараттарды алу болып табылады. Жауап беру немесе бермеу респонденттің өз еркінде. Егер респондент жауап беруден бас тартса, біз оны арнайы қағазға  түсіріп аламыз. Онда ешқандай респонденттің мәліметтері көрсетілмейді. Тек қана  жасы, жынысы және ұлты жазылады. Сұхбат респонденттің ұлтына қарай жүргізіледі. Қазақ болса қазақ тілінде, орыс болса, орыс тілінде сұрақ қойылады», деді экзетпул өкілі.

Ол сонымен қатар Интеграциялық институт Қазақстан бойынша барлық өңірлерде жұмыс жасайтындығын айтты.

«Қызылорда  облысына қарасты барлық ауыл-аймақтарда мен секілді интервьюерлер жұмыс жасауда. Олардың барлығына тәртіп пен ереже бірдей. Біз жұмыс жасамас бұрын, барлық бейне нұсқаулықтан өттік. Нұсқаулық онлайн қосымша арқылы өткізілді. Супервайзеріміз бар. Сол супервайзер арқылы қағаз түрінде нұсқаулық берілген. Онда нұсқаулықпен толық танысуға болады. Нұсқаулықтан тыс немесе қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, біз өзіміздің жергілікті супервайзерімізге хабарласу арқылы мәселені шеше аламыз», деді Насихат Бекарысқызы.

Интервьюер сайлаушылардың таңнан бері сайлауға белсенді түрде қатысып жатқандығын айтты. Сонымен қатар бір учаскеде бірнеше институттың адамдары болып, экзитпул жұмыстары жүргізілуі мүмкін. Ал сауалнама нәтижелері БАҚ-да жарияланады.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1238
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2766
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 892
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 837