Дүйсенбі, 5 Мамыр 2025
1569 0 пікір 21 Наурыз, 2023 сағат 16:06

Эмомали Рахмон Нью-Йоркке ұшып кетті

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон 20 наурызда жұмыс бабымен Нью-Йоркке кетті, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметі. Президент Біріккен Ұлттыр Ұйымының «Су – тұрақты даму кепілі» халықаралық форумына қатысады.

Эмомали Рахмонмен бірге сыртқы істер министрі, президенттің сыртқы байланыстар жөніндегі көмекшісі, энергетика министрі, төтенше жағдайлар және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі комитет төрағасы еріп барады.

Мемлекет басшысының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Рахмонның АҚШ-тағы сапары 24 наурызда аяқталады. Президент жұмыс сапары аясында БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерришпен және ұйымның басқа да басшыларымен кездеседі. Президент сапары бағдарламасының толық нұсқасы жарияланбады.

Тәжікстан су мәселесіне қатысы ұсыныстарын БҰҰ-да жиі көтеріп жүрген ел. Жергілікті шенеуніктер БҰҰ тәжік билігінің бастамасымен суға қатысты бірнеше қарар қабылдады деп жиі мақтанады. Алайда Тәжікстан тұрғындарының дені әлі күнге дейін ауыз суға жарымай отыр.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 1175
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 1330
Бәрекелді!

«Родословная казахских ханов»: всемирное признание

Керимсал Жубатканов 1306