Сенбі, 23 Қараша 2024
Тарих 1986 8 пікір 23 Наурыз, 2023 сағат 12:54

Ибн Фадлан саяхаты жазбасы ақылға сия ма?

 

 

Х ғасырда өмір сүрген мұсылман Ибн Фадлан деген араб саяхатшысының Волжская Булгарияға сапарын баяндайтын жазбасы бар. Ресей ғалымдарының айтуынша, Ибн Фадлан – мұсылмандық қабылдаған Еділ Бұлғариясы ханына Ислам діні негіздерін үйретуге аранайы жіберілген. Аталған жазбаның бізге жеткен нұсқасын 1920-жылы Ираннан орыс ғалымы тауып алған, бұл үлкен күмән туғызады. Оны өзгертілген немесе қасақана жазылған еңбек деуге әбден негіз бар. Өйткені жазбадағы оқиғалар Ибн Фадланды Ислам дініне шорқақ етіп, тіпті кейбір тұстары оны мұсылман еместей көрсетеді. Ол бұлғарларға Ислам діні негіздерін үйретуге жіберілген білгір мұсылман емес, жабайы көшпенділер ортасында жүргендей сезінген христиан дінді адамға ұқсайды. Неге? Жауап беріп көрелік...

1. Ибн Фадлан булгар ханының: "Хочу построить мечеть, чтобы люди поклонялись мне" дегенін жазады. Булгар ханы – мұсылман, оның құлшылық тек Аллаға арналатынын білмеуі, ал оның қателігін Фадланның түсінбеуі қалай? Мұны Ислам дінінен хабарсыз адам ғана жазуы мүмкін.

2. "И сами хорезмийцы, и их речь очень грубые, их речь похожа на писк скворца" дейді саяхатшы. Ал көрші қала тұрғындары жайлы "Речь людей похожа на кваканье лягушек" дейді. Сақалы сирек бір адамды ешкіге теңейді. Діндар мұсылман ұстаздың өзге ұлт туралы бұлай айтуы мүмкін емес. Ол тілден табатын күнә бар екенін және ғайбат деген не екенін жақсы біледі.

Жалпы, арабтар мысал ретінде қараторғай, бақа, ешкі атауларын қолданбайды. Оларда көбіне хайуан, түйе, малғұн дейтін сөздер қолданылады. Ал скворец, лягушка, козел деген теңеулерді көбіне орыстар пайдаланады. Сонда "жазушының" кім болғаны: араб па, әлде орыс па?

3. "У кочевников не принято очищаться после отправления естественных нужд и после близости с женщиной, и они не моются водой" делінген жазбада. Сонымен қатар "Их женщины показывают срамные места чужим мужчинам" дейді. "Одежду они носят, пока она не истлеет" деген жолдар да бар. Өзгені төмен санау және өзгенің жағымсыз жақтарын дөрекі әшкерелеу мұсылман табиғатына тән емес. Осындай адам сенбестей және мұсылманға жат әңгімелерді христиан дінді адамдардың суреттеуінен және атеистік жазбалардан кездестіреміз. Сенбесеңіз, Масудидің "Ширван мен ал Баб тарихы" жазбасы мен Византия императорының "Империяны басқару" жазбасын салыстырып көріңіз. Грузия патшасының Ресей императорына жазған хатын оқысаңыз да болады.

4. Ибн Фадлан жолындағы тайпаларды тек түрік немесе оғыз деп қана атайды. Саяхатшы жолыққан тайпа немесе рудың атауын білуге тырысады ғой. Жазбада ондай атаулар жоқ. Қазақ пен түркімен тайпаларын айыра білмегендіктен, қазақ тайпасын байқамай көрсетіп қоюдан қорыққан болар.

5. Булгар, башқұрт, оғыз деген тайпа атауларын жазбада көп пайдаланған. Ал сол X ғасырдағы арап тарихшысы Әл Масуди өз еңбегінде гуз, буртас, булгар деген тайпаларды көрсетеді және олар Қаратеңізден ішкі Ресей жеріне дейінгі аумақтарды алып жатқанын айтады. Ал Фадлан оларды Қазақстан, Түркіменстан жерінен Волга өзеніне дейін отырғандай баяндайды.

6. Көшпенді тайпалар кейде Ал-Джурджанға баратынын меңзейді. Масуди жазбасы Джурджан деп грузиндерді көрсеткені анық. Ал Фадлан жазбасы Джурджан аймағы Орта Азияға жақын маңайда дегенге меңзейді.

7. "Овцы разгребают снег копытами, находят траву, или едят снег и жиреют. А летом едят траву и худеют" дейді саяхатшы. Малдың не жейтінін арабтар жақсы білетін шығар, ал Мәскеу тұрғынының білмеуі мүмкін. Кеңес әскері қатарында жүргенімде "Түйе адамды екі өркешімен қысып өлтіреді" деп түсінетін мәскеулік орыс болды. Осы жазбаны құрастырған Фадлан емес, Федя деуге болады.

8. "Башкиры – самые нечистоплотные и жестокие тюрки. Они едят вшей, я видел, как башкир-мусульманин ел вшей" делінген еңбекте. Ал Әл Масуди жазбасында адамға ұқсас маймылдар жайлы айтылады (ол жазбаны аударған ғалым "Қара теңіз жағасында маймыл жоқ және Әл Масуди бір халықты маймылға теңеген болар" деген пікір айтқан). Фадлан болса, «Башқұрттар бит жейді» деп жазады. Ол «Әл Масуди башқұрттарды маймылға теңеген» деген тұжырымды нақтылай түскісі келгендей немесе Фадлан жазбасын оқыған башқұрт халқының араб ұлты мен Ислам дініне көңілі қалсын деген жымысқы ойы болар.

9. "Мы видели на небе призраки сражающихся людей. Булгарский хан объяснил, что это воюют хорошие джинны с плохими джиннами», «А хан слышал о джиннах от своего отца," деген жолдар да бар. Түркі халықтары жындар жайлы Ислам діні арқылы білді. Булгар ханының Ислам дінін білмеген әкесінің жынды да білмегені анық. Ал арабтық мұсылман Фадлан керісінше, жындар жайлы сөзсіз білуі тиіс еді.

10. "Булгары купаются в реке голыми вместе с женщинами" дейді. ... "Перед тем, как убить жену умершего руса, эта женщина вступает в половую связь с мужчинами из всех домов" дейді. Осындай дәлелсіз бос сөздер арқылы жазбаны «көптеген нақты деректер беретін» құнды еңбектей көрсетуге тырысқан дер едім.

11. "Тюрки и огызы называют заместителей начальников “кударкин" дейді саяхатшы. Біріншіден, орынбасар лауазымы түркітілді халықтарда қолданылмаған. Екіншіден, бұл таза орыс ұлтының тегі екені көрініп тұр. Жазбаны құрастырғандар өздерін бақылаған НКВД өкілін осылайша мазақ етуі мүмкін. Жазбаның жалған екендігін кейінгі ұрпаққа сездіргісі келген ниеті де болуы ғажап емес.

Осындай деректер мен оқиғалардан тұратын Фадлан жазбасы Масуди көрсеткен мәліметтерді "өзгешелеп" отыруды ұмытпайды. Ал Истахри жазбасының парсылық нұсқасы осы Фадлан жазбасының жалғасы іспеттес, онда негізінен қалалар мен тайпалар атауы мен олардың орны көрсетілген. Әл Масуди жазбасында Закавказеде отырғаны көрсетілген Кашак елін жазбайды, тек Орта Азияда Казах қаласының бар екендігін атап өтеді. Орта Азия, Қазақстанда отырған қазақ халқы тайпалары жайында ешқандай сөз қозғалмайды да. Керісінше, ол жерлерде қырғыз, оғыз, булгар, буртас, башқұрт тайпалары қоныстанғанын, одан әрі рус, славян (сакалиба) халықтары мекендейді деп жазады.

Дұрысында, Ибн Фадлан саяхаты жайлы жазбаны ресейлік иезуидтер дайындаған. Олар осы жалған жазба арқылы араб тарихшысы әрі географы Әл Масуди деректерін жоққа шығаруға тырысқан. Әл Масуди жазбасын еуропалық ғалымдар тауып жарыққа шығарды, сол себептен ол жазбаны өзгертуге Ресей империясының шамасы жетпеді. Әл Масуди X ғасырда Ұлы Бұлғария империясы бар екенін, оның аймағы қазіргі Дон өзенінен басталып, Византия империясы шекарасына дейін созылатынын, Бұлғар ханы мұсылмандық қабылдағанын және оның Византия мен Еуропа аймақтарына жиі жорық жасайтынын көрсетеді.

Бұлғар ханы баласының әкесінен бұрын Ислам дінін қабылдағанын, оның хажылық жасағанын және Бағдат халифінің ол арқылы Бұлғар ханына Қағба жамылғысынан жыртысты сый ретінде беріп жібергенін баяндайды. Сонымен қатар Закавказьедегі Колхида ойпатынан бастап, қазіргі Дон өзеніне дейінгі аумақта Хазар қағанаты орналасқанын, оларға көрші қазіргі Қырымда кемелі урус пен сакалба елдері мекендегенін де жазады Әл Масуди. Ол ғасырда Қаратеңіз бен Каспий теңіздерін Хазар өзені қосып жатқанын, аталған өзеннің Қара теңізбен қосылар жері Хазар қағанаты бақылауында екенін айтады. Хазар патшасының келісімін алған урус адамдары 500 кемемен Хазар өзені арқылы Каспий теңізіне жетіп, аталған теңіз жағасындағы қалаларды тонағанын да жазып көрсетеді араб ғалымы. Сонымен бірге қазіргі Дон аумағында «көшпелі ғузи» халқы болғанын, олардың кейде қыста Хазар қағанаты аумағына өтіп кететінін баяндайды. Арабша жазылуында «ғузи» мен «ғазақ» сөздері өте ұқсас,  XI ғасырда сол аймақта «көшпенді касоги» халқы болғанын және кейінгі «казак» дегендер христиандық шіркеу тілімен орыс тіліне көшкен «шоқынған қазақтар» екенін ескерсек, ол аймақта қазақ атаулы халық ертеден болғанын аңғарамыз.

Ал Ресей империясы қалыптастырған тарихта бәрі басқаша көрсетіледі. Орыс ғалымдарының айтуынша, Ұлы Бұлғария империясы VII ғасырда ыдырап кеткен. X ғасырда Волга өзені аумағында кішігірім Волжская Булгария княздігі болған, ал Хазар қағанаты, керісінше алып империя болған. Оның аумағына қазіргі Дағыстан мен Батыс Қазақстан аймақтары енген, Волжская Булгария осы Хазар қағанатына жартылай тәуелді болған. Ал Урал тауларына қарайғы аймақта русь пен славян елдері отырған (урус пен сакалба – русь пен славян деп көрсетіледі). Ресейліктер қалыптастырған тарихқа сенсек, қазақ деген халық кешеге дейін болмаған. Ол заманда қыпшақ деген ел пайда бола бастаған, кейін сол қыпшақтардың бір бөлігінен қазақ ұлты қалыптасқан. Яғни, қазақ халқы қазіргі өз құрамындағы қыпшақ тайпасынан пайда болған, «немересі атасын туған» болып шығады. Әлбетте, ақылға сыймайтын тұжырым.

Ресей иезуидтері еуропалықтар тауып жарыққа шығарған араб жазбалары түркілердің шынайы тарихы мүлде өзгеше екенін паш ететінін көрді. Шындықты жасыру үшін сол арабтық жазбалардың дерегін жоққа шығаратын амал іздеді, сол себептен өз өтіріктерін жақтайтын жалған жазбалар дайындатты. Соның бірі – осы Ибн Фадлан саяхаты жазбасы.

Ресей империясының отары болған түркілік халықтар Советтер Империясы заманында Ислам дінінен алыстатылып, дінсіз атейсттерге айналдырылды, олардың арап графикалы төл жазбалары әуелі латын графикасына сосын біржолата кирилицаға ауыстырылды. Осылайша түркілік халықтары өткен тарихынан бейхабар, тіпті ескі жазбаларын оқи алмайтын жағдайға келтірілді. Империялық билік Советтер Одағы мәңгі өмір сүретініне және ондағы түркілік ұлттардың орысқа сіңіп жоғалатынына сенімді болғаны түсінікті. Осы себептен болар Ибн Фадлан жазбасындағы өрескел қателіктер жөнделмей қалды, ата дінімен қайта қауышқан түркі мұсылмандары сол қателіктер арқылы жазбаның жалған екенін түсінетіндей жағдай туды.

(Жалғасы бар)

Бекжан Әденұлы

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5366