Сейсенбі, 23 Шілде 2024
Саңлақ 3302 0 пікір 23 Наурыз, 2023 сағат 13:04

Еуропа чемпионатын Қазақстан бастайды

23 наурыз күні кешкі сағат 21.00-де елордадағы «Астана-Арена» стадионында 2024 жылғы Еуропа футбол чемпионатының алғашқы іріктеу ойыны өтеді. Беташар матчта Қазақстан және Словения құрамалары кездеседі.

Құрлық додасының іріктеу кезеңінің жеребесі өткен жылдың қазан айында-ақ тартылған болатын. Соның нәтижесінде Еуропаның 53 командасы 10 топқа былай бөлінді:

1-топ: Испания, Шотландия, Норвегия, Грузия, Кипр.

2-топ: Голландия, Франция, Ирландия, Грекия, Гибралтар.

3-топ: Италия, Англия, Украина, Солтүстік Македония, Мальта.

4-топ: Хорватия, Уэльс, Армения, Түркия, Латвия.

5-топ: Польша, Чехия, Албания, Фарер аралдары, Молдова.

6-топ: Бельгия, Австрия, Швеция, Әзербайжан, Эстония.

7-топ: Венгрия, Сербия, Черногория, Болгария, Литва.

8-топ: Дания, Финляндия, Словения, ҚАЗАҚСТАН, Солтүстік Ирландия, Сан-Марино.

9-топ: Швейцария, Израиль, Румыния, Косово, Беларусь, Андорра.

10-топ: Португалия, Босния, Исландия, Люксембург, Словакия, Лихтенштейн.

Еуро-2024-тің финалдық кезеңі келер жылдың жазында Германия жасыл алаңдарында өтеді. Сондықтан да неміс құрамасы іріктеу сынына қатыспайды. Ал УЕФА-ға мүше тағы бір ел – Ресейдің құрама командасына қазіргі саяси ахуалға байланысты былтырдан бері ФИФА мен УЕФА аясындағы ешқандай жарысқа қатысуға тыйым салынған.

Іріктеу ойындары осы наурыз айының аяғында, маусым айының ортасында, сосын қыркүйектің басы мен қазанның ортасында, сонан соң қараша айының орта шенінде өтеді. Жарыс қорытындысы бойынша әр топтың екі үздік командасы Германиядағы шешуші кезеңге жолдама алады. Тағы үш жолдаманы Ұлттар лигасындағы үздіктер сарапқа салады. Естеріңізге сала кетейік, олардың ішінде былтыр өз тобында жеңіске жеткен Қазақстан да бар.

26 наурыз күні біздің футболшылар Астанада Дания құрамасын қабылдайды. Қазақстан командасының жалпы биылғы ойын кестесі мынадай:

23.03. Қазақстан – Словения

26.03. Қазақстан – Дания

16.06. Сан-Марино – Қазақстан

19.06. Солт.Ирландия – Қазақстан

07.09. Қазақстан – Финляндия

10.09. Қазақстан – Солт.Ирландия

14.10. Дания – Қазақстан

17.10. Финляндия – Қазақстан

17.11. Қазақстан – Сан-Марино

20.11. Словения – Қазақстан

 

Сәкен Сыбанбай

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Абай мұрасы

Абай іліміндегі өмір мақсаты не?

Досым Омаров 1391
Ой түрткі

Әлмерек абыздың оралуы - Елге діннің оралуы

Бақтыбай Айнабеков 2184
Көршінің көлеңкесі

Ресей тілдік һәм саяси экспансияны қалай жүргізді?

Бейсенғазы Ұлықбек 2206