Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
2076 3 пікір 24 Наурыз, 2023 сағат 15:51

Молдовада мемлекеттік тіл ауысты

Молдова президенті Майя Санду елдің мемлекеттік тілін «молдаван тілінен» «румын тіліне» өзгерту туралы жарлыққа қол қойды. Бұған дейін атауды өзгерту туралы заң жобасын парламент мақұлдаған болатын.

Мемлекет басшысының айтуынша, румын тілі елді Еуропа одағымен интеграциялауға көмектеседі.

«Румын тілі осында тұратын және осы жерді жақсы көретіндердің барлығын біріктіргенін қалаймын. Біз бүкіл әлем бойынша 27 миллионнан астам адаммен бірге Еуропалық Одақтың ресми тілдерінің бірі румын тілінде сөйлейміз. Ондаған жыл бойы Молдова азаматтары румын тілінде емес, «молдаван» тілінде сөйлейді деп келгендер бір ғана нәрсені көздеді. Ол — бізді бөлшектеу. Ұлтты бір-бірінен бөлген соң, оны бағындыру, басқару оңайырақ. Екіге бөлгісі келгендер лингвистиканы ойлаған жоқ, олар Молдова халқын дауластыруды мақсат етті»,— деді президент.

 

Abai.kz

3 пікір