Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Билік 2291 5 пікір 29 Наурыз, 2023 сағат 16:09

Ақпараттық докрина: Жалған ақпараттың жолын қалай кесеміз?

Таяуда Қазақстанның «Ақпараттық докринасы» қабылданды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құжатқа қол қойып, Үкіметке доктринаны іске асыру жөнінде шаралар жоспарын әзірлеуге үш ай уақыт берді.

Ақпараттық докрина елдегі ақпараттық саланы дамытуды, ақпарат құралдарының ашықтығы мен бәсекеге қабілетін арттыруды көздейді. Ал оның идеологиялық құрамдас бөлігі қоғамды біріктіруге, адамгершілік қағидаттарын нығайтуға, ұлттық құндылықтарды ұстануға бағытталған.

Құжатта көрсетілгендей, доктрина ақпараттық-коммуникациялық салада мемлекеттік саясатты қалыптастыруда және қоғамдық қатынастарды дамытуда негізгі құжат болады.

Ақпараттық доктрина халқтың мүддесіне сәйкес келетін, қоғам мен мемлекеттің селбесіп одан әрі дами түсуіне ықпал ететін тетіктер жү           йесі. Құжат ақпарат саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыра отырып, медиа субъектілерінің барлығының құқықтарын іске асыруға жағдай жасайды. Доктринаның негізгі мақсатының бірі халықтың ақпараттық қауіпсіздгін қаматамасыз етіп, ақпараттық сын-қатерлерге қарсы иммунитет қалыптастыру.

Жаһанда ақпарат алудың дәстүрлі жолдары мүлдем жойылып, оның орнын басып келе жатқан интернет БАҚ халықтың тең жартысына жуығының ақпарат алатын алаңына айналды. Интернет ресурстарда жарияланатын қысқа және жеңіл контенттің көп болуы оны көріп-естуші аудиторияның күрделі ақпаратты қабылдауын төмендетеді.

Өзіміз куә болып жүргеніміздей, қазіргі күні ақпараттың шорт кесілген жарқын бейнелер арқылы таралуы жиі кездеседі. Бұл доктринаны құрастырған сарапшылардың пікірінше, қабылданған білімнің бөлшектенуіне әкеледі. Яғни, адам миында бірізді оқиға жүйесі қалыптаспайды. Сондықтан сыни ойлау дағдысы болмай, қоғамның жалған ақпарат пен манипулияцияға берілуіне ұшыратады.

Саясаттанушы Қазбек Майгелдинов пікірінше, Ақпараттық докринаның ақпараттық қауіпсіздік мәселесін шешуге атсалысуда маңызы зор.

«Ақпараттық доктринаның маңызыдылығы ақпараттық қауіпсіздіктің мәселесінде жатыр. Қазіргі күні әлеуметтік желінің дамуымен келген ақпарат тарату тенденциясы киберқауіпсіздік мәселесін алдымызға алып келеді. Мысалы, жалған ақпараттардың таралуы, ақпараттық шабуылдарды осыған жатқызуға болады. Бұған қарсы тұру үшін бізге нақты бағыт-бағдар қажет», – деді саясаттанушы.

Осындай сын-қатерлердің алдын-алумен қатар, доктринаның негізгі қағидаттары айқындалған. Олар бірнеше топқа бөлінген:

Сөз бостандығын қамтамасыз ету қағидаты;

Ақпаратқа қол жеткізуді оңтайландыру; бұл жағдайда әрбір азаматтың Ата Заңымызға сай заңмен тыйым салынбаған дерекке қол жеткізуін, тарату құқығын айтамыз.

Медианың дамуына бағдар беру; мұнда отандық медиа өнімдерінің дамуы, бәсекеге түсе білу машығын арттыру, азаматтардың арасында отандық БАҚ-қа деген қығыушылықты оятуды айтсақ болады.

Сенім мен құпиялылықты сақтау; яғни БАҚ тарататын ақпараттардың бұрмалануға ұшырамай, азаматтарға сенімді деректерден алынған ақпарат ұсыну, оларды манипуляция құрбанына айналдырмауды көздейді, ал құпиялылыққа келсек, медиа саласы әркімнің жеке өміріне құрметпен қарап, отбасылық құпиясын жарияламауға, ар-намысын таптамауы керек. Доктрина жеке адамдардың құқығының қорғалуын қолдайды.

Докрина сүйенетін тағы бір қағида, ақпараттық қауіпсіздіктің сақталуы. Ұлттық ақпараттық ортаны нығайтып, бәсекеге қабілетті еліміздің медиасаласын қалыптастыру арқылы ақпараттық қауіпсіздікке қатер төндіретін сын-қатерлерге төтеп беру және БАҚ саласының тұрақты дамуының базалық шарты болуға тиіс.

Ақпараттық докрина көрші Ресейде де бар тәжірибе. Ресей ақпараттық қауіпсіздік докринасы 2016 жылы қабылданған.

Онда «Ресей Федерациясының ақпараттық қауіпсіздік доктринасы - Ресей Федерациясының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің мақсаттары, міндеттері, принциптері мен негізгі бағыттары туралы ресми көзқарастардың жиынтығы.

Ресей Федерациясының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру; Ресей Федерациясының ақпараттық қауіпсіздігін құқықтық, әдістемелік, ғылыми-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындау; Ресей Федерациясының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің мақсатты бағдарламаларын әзірлеу доктрина негізі болып табылады», - делінген.

Қазтай Аяна Серікқызы

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2050