Жұма, 27 Желтоқсан 2024
2332 0 пікір 30 Наурыз, 2023 сағат 12:55

2 жыл ұрлықпен айналысқан ҚТЖ қызметкерлері ұсталды

ҚТЖ қызметкерлері 2 жыл бойы темір жолға арналған материалдарды ұрлаумен айналысқан.

Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес қылмыстық топ  ұрлаған төсемдер, шпалдар, рельстер және басқа да тауарлар жарамсыз немесе белгілі бір ақауы бар жарақтармен ауыстырылды деп есептен шығарылған.

«Қылмыстық топқа «ҚТЖ «ҰК» АҚ-ы Қарағанды бөлімшесінің 17 қазіргі және бұрынғы жұмысшылары тартылған. Оларға полиция қызметкері қамқорлық жасаған»»

Қолды болған 800 тоннаға жуық материалдың құны 127 млн теңгеге бағаланған.

Бүгінгі таңда ұрланған тауарлардың көпшілігін сатып алушылары мен орналасқан жерлері, сондай-ақ оларды тасымалдайтын жүк көліктері анықталды.

Соттың санкциясымен Жаңаарқа жол дистанциясының учаске бастығы және оның орынбасары, сондай-ақ желілік полиция бөлімшесінің бастығы тергеу изоляторына қамалды.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2052