Сәрсенбі, 14 Мамыр 2025
2571 0 пікір 31 Наурыз, 2023 сағат 12:30

Түркімендер Аркадағқа арнап қала салмақ

Түркіменстан Гурбангулы Бердімұхамедовке арнап қалаға 5 млрд доллар жұмсайды. Бұл жөнінде "Франция 24" телеканалы хабарлады. 

Бұл сан 2020 жылы көрсетілген сомадан үш есеге көп.

Бірінші кезеңді жүзеге асыруға 3,3 млрд доллар, екінші кезеңде 1,5 млрд доллар жұмсалады деп мәлімдеді Түркіменстанның құрылыс жөніндегі мемлекеттік комитеттің басшысы Дерягелди Оразов.

Дүниежүзілік банктің мәліметі бойынша, Түркіменстанның ЖІӨ 45 млрд долларға жетеді. Аркадағ қаласын салуға мемлекеттің жылдық табысының 10 пайызы жұмсалады екен. Мемлекетке бұл қаражат табиғи ресурстар экспортынан түседі.

Жаңа қала салу жөнінде 2019 жылы жарияланған болатын. Қазір түркімен халқы экономикалық дағдарысты бастан өткеріп жатыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2364
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4030