Сәрсенбі, 25 Желтоқсан 2024
1812 3 пікір 31 Наурыз, 2023 сағат 13:30

СІМ: «Оңтүстік Корея қазақтарды жұмыстан шығарып жатыр деген ақпарат жалған»

«Оңтүстік Кореяда қазақстандықтарды жұмыстан шығарып жатқаны туралы ақпарат жалған». Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты.

Әлеуметтік желіде «екі қазақстандықтың Оңтүстік Корея шекарасын заңсыз кесіп өту оқиғасынан кейін сондағы отандастарымызды жұмыстан шығара бастады» деген ақпарат жарияланды.

«Бұл – жалған ақпарат», - деп жауап берді Айбек Смадияров ҚазАқпарат тілшісіне.

Сондай-ақ, СІМ ресми өкілі Оңтүстік Корея шекарасын заңсыз кесіп өткен екі қазақстандықтың тағдырына қатысты жергілікті полициядан хабар күтіп отырғанын жеткізді.

Еске салсақ, осыдан бірер күн бұрын екі отандасымыз Оңтүстік Кореяға кіруге тыйым салынғанына қарамастан, аталған елге кірген. Сыртқы істер министрлігі хабарлағандай, көп ұзамай оның біреуі ұсталып, екіншісіне іздеу салынды.

Айта кетсек, екі қазақстандықтың әрекеті Оңтүстік Кореяда қоғамдық резонанс тудырып, жергілікті БАҚ-та кеңінен жарияланғаны айтылды. Кейін белгілі болғандай, Инчхон әуежайынан қашып кеткен екінші қазақстандық полицияға өз еркімен берілді.

 

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036