Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 7184 0 пікір 23 Сәуір, 2013 сағат 10:37

НАМАЗДЫ ҚАЗАҚША ОҚЫСАҚ ҚАЙТЕДІ?

Қайбір жылдары дін туралы заң қызу талқыға түсіп жатқанда Сенат депутаты Құсайын Валиев Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шәріптен «Елімізде араб тілін білетіндер аз. Неге  намазды қазақшаға аударып, өз тілімізде оқымасқа?» деп сұрағаны бар-тын. Сенатор бұл сөзін «намаз қазақша оқылса, баршаға түсінікті болар еді» деген оймен айтқан болуы керек. Бірақ ол бес парыздың бірі намазды қазақша оқу «идеясын» қазақшалауды агенттік төрағасы  бекітпейтінін білмеген сыңайлы. Жақында «Фейсбук» әлеуметтік желісінде белгілі философ Әбдірәшит Бәкірұлы Сенатор пікірімен үндесетін ойын білдіріп, «намазды қазақша оқысақ» деп қоздағы шоқты қайта маздатқан жайы бар. «Қазақтың дін туралы түсінігінің шым-шытырық болуының ең басты себебінің бірі - оның Аллаға қалай жалбарынып жатқанын өзі ұқпауы секілді. Өзге тілді түсінбесе де, сол тілде Жаратушыға жалбарынып, мешіттен шыққан соң онысы шарт ұмытылып, «әйтеуір бір міндетті өтедік қой» деп әркім қайтадан өз білгенімен жүре бермек. Қазақ оқылған намаздың сөзіне, Жаратушыдан тілеген тілегінің мазмұнына психологиялық тұрғыдан бойламайды, көкірегіне бекітпейді. ...Дін басқармасы намаз оқуды саналы түрде қазақтың өз тіліне көшіруді қолға алуы қажет. Намаз оқығанда оның байыбына барып оқысын деген ниетпен. Бірақ Діни басқарма дін араб тілінде түскен деп бұл ұсынысты қабылдамай келеді. Алладан рұқсат болса неге аудармасқа?

Қайбір жылдары дін туралы заң қызу талқыға түсіп жатқанда Сенат депутаты Құсайын Валиев Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шәріптен «Елімізде араб тілін білетіндер аз. Неге  намазды қазақшаға аударып, өз тілімізде оқымасқа?» деп сұрағаны бар-тын. Сенатор бұл сөзін «намаз қазақша оқылса, баршаға түсінікті болар еді» деген оймен айтқан болуы керек. Бірақ ол бес парыздың бірі намазды қазақша оқу «идеясын» қазақшалауды агенттік төрағасы  бекітпейтінін білмеген сыңайлы. Жақында «Фейсбук» әлеуметтік желісінде белгілі философ Әбдірәшит Бәкірұлы Сенатор пікірімен үндесетін ойын білдіріп, «намазды қазақша оқысақ» деп қоздағы шоқты қайта маздатқан жайы бар. «Қазақтың дін туралы түсінігінің шым-шытырық болуының ең басты себебінің бірі - оның Аллаға қалай жалбарынып жатқанын өзі ұқпауы секілді. Өзге тілді түсінбесе де, сол тілде Жаратушыға жалбарынып, мешіттен шыққан соң онысы шарт ұмытылып, «әйтеуір бір міндетті өтедік қой» деп әркім қайтадан өз білгенімен жүре бермек. Қазақ оқылған намаздың сөзіне, Жаратушыдан тілеген тілегінің мазмұнына психологиялық тұрғыдан бойламайды, көкірегіне бекітпейді. ...Дін басқармасы намаз оқуды саналы түрде қазақтың өз тіліне көшіруді қолға алуы қажет. Намаз оқығанда оның байыбына барып оқысын деген ниетпен. Бірақ Діни басқарма дін араб тілінде түскен деп бұл ұсынысты қабылдамай келеді. Алладан рұқсат болса неге аудармасқа? Құранда бұл туралы аят немесе сүре таба алмадым. Егер намазды қазақша оқу қалыптасса қазіргі «тәңіршілдікке», не сөзі түсінікті басқа тілге кету толастар еді. Бүгінде көп қазақтар кришнаға кетіп жатыр. Өздеріне түсініксіз болғандықтан оларға кришна мен исламның айырмасы жоқ көрінген. Бұл ойым қазақтың дінге қатысын неғұрлым тереңдете түссек деген ойдан туып отыр» деп түйіндейді ол. Жалпы, бұл әуелден қолдау таппаған бастама. Егер мешіттерде намаз қазақша оқылып жатса оның сауабы, тиімділігі қалай болмақ? Бұл туралы шариғат не дейді?  Белгілі дінтанушылардың осыған қатысты жауабы бір арнада өрбіді.
Бейбіт САПАРАЛЫ, дінтанушы:
- Намаз, аят, рәкәғаттар тек араб тілінде оқылады. Ол басқа тілдерде оқылмайды, аударылмайды. Құран-Кәрім қай тілде түсті, сол тілмен ғана оқылады. Бұл мәселе Ататүріктің кезінде «азанды түрікше шақырып, түрікше намаз оқиық» деп  көтерілген. Тоқсаныншы жылдардың басында марқұм Қалтай Мұхамеджанов Рәтбек Қажыға бірнеше рет айтып, мәселе ретінде қозғалған еді. Бірақ Рәтбек Қажы, Халифа Алтай Мемлекет басшысының қабылдауында болып, Құран аяттарын келтіріп «ешқашан ешуақытта намаз аударылған тілмен оқылмайды» дегенді дәлелдеп айтқан болатын. Мүфти бола ма, отыз жыл діни білім алған тақуа адам болсын, ешқайсысы шариғат заңын өзгерте алмайды. Амал тек араб тілінде ғана оқылады. Соңынан тек дұғаларды, сондай-ақ уағыз, насихатты қазақша қайырса болады. Біздің елде  түрлі көзқарастар көп. Ал тәңіршілдікке оралайық деу ол адасқанның белгісі.
Қайрат ЖОЛДЫБАЙҰЛЫ,  «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы:
- Ең алғашында кез-келген адам үшін ана тілінде құлшылығын орындау - әрі жеңіл, әрі орынды көрінері рас. Алайда, мәселені егжей-тегжейлі қарастырар болсақ, кең көлемді түсінікке қол жеткізеріміз анық. Ең алдымен тілек-дұға мен намаздың ара жігін ажыратып алған жөн. Намаздан тыс жасалатын тілектер мен дұғаларда мұсылман кісіге ішкі тілегі мен мұң-мұқтажын қай тілде айтып жеткізем десе де, бұған тыйым салынбаған. Өйткені, бұл Жаратушы мен құл арасындағы жеке мәселеге қатысты. Ал намаз болса, ол жалпыға, жамағатқа тән құлшылық болғандықтан, намазға қосылатын басқа да мұсылмандардың қажет тілектерімен санасу керек. Негізінен намаз жамағатпен оқылуға тиіс. Бірақ жалғыз оқуға да рұқсат етілген. Егер Ислам діні қандай да бір белгілі аймақтың яки белгілі бір ұлттың діні болса, онда ешқандай күмәнсіз сол аймақтағы сол ұлттың ғана тілі қолданылар еді. Алайда, төрткүл дүниеге тараған, бір-бірін түсінбейтін қаншама ұлт өкілдеріне ортақ діннің өзіндік ерекшеліктері мен қасиеттері болатыны сөзсіз. Мәселенің тағы бір жағы, Құранның қандай да бір аудармасының ешқашанда түпнұсқаны толық қамти алмайтындығында.  Құран аяттарының әрбір сөзінің бірнеше мағынасы бар. Аудармада тек біреуі ғана беріледі. Тіпті кейде аятта қолданылған әрбір әріптің де өзіндік бірнеше мағынасы болады. Аудармада осы әріптердің өзіндік мағынасы мүлдем ескерілмей қалуы мүмкін. Яки біреуі ғана ескеріледі. Құранда белгілі бір мағынаны білдіретін бірнеше синоним сөздердің ішінен сөздің дыбысталу жағынан да, мағынаны қамту жағынан да ең қолайлысы таңдалған. Сондықтан, кейбір сөздің «сөздік мағынасынан» тыс дыбысталуының өзі баяндалайын деп тұрған жағдайды білдіріп жатады. Ал мұны аудармада беру мүлдем мүмкін емес.

"Халық сөзі" газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5351