Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 4071 0 пікір 24 Сәуір, 2013 сағат 03:39

Мұхан Исахан. Қазақ пен өзбек молдасының айырмашылығы

Түрікстандық бір жерлесім тоқсаныншы жылдардың басында Нәманганға сауда-саттық жасап барыпты. Таңертең қонақ үйдің қылтимасынан көшеге қараса, қарақұрым нөпір халық майдандаспаса да бір-біріне қарсы келіп, ығы-жығы итжығыс түсіп, у да шу болып жатыр екен. Дүрмекке еріп, ол да жүгіре көшеге шығыпты. Бақса, бірнеше басына сәлде ораған түсі суық сақалды кісілер өрімдей жап-жас баланы қан-жоса ғып сабап, дедектетіп барады. Қара халық «обал болды-ай» деп әлгілердің жан-жағын қаумалап зыр жүгіруде екен. Сөйтіп, бейшараны «ойбайлағанына» қарамастан базардың күнбатыс жағында орналасқан мешітке қарай сүйреп алып кетіпті. «Бұл бала сонша таяқ жейтіндей не істеп қойды? Соққыға жығып жатқан мына сәлде тартқандар кімдер?» деп қаумалаған жұрттан сұрап көрсе, әлгі байқұс әке-шешеден тұл жетім қалған бала екен. Көше кезіп, қайыр сұрап күнін көреді екен. Бір жолы қатты ашығып, базардағы наубайшының ыстық тандыр нанын ала қашыпты. Қуып жүріп ұстап алған наубайшы жетімекті жазасын бермек үшін молдалардың қолына тапсырыпты. Молдалар да ұрлығы үшін саусағын кесуге мешітке айдап әкеткен көрінеді. Көп ұзамай-ақ мешіт жақтан жетімектің құлын даусы құраққа кеткен үні шықты деп, жантүршігерлік оқиғаны жеткізген еді.

«Дәл осыған ұқсас оқиға Алматы қаласының бір мешітінде де орын алған болатын, - деп жалғастырды әңгімесін жерлесім. - Найб имам Сәкен: «Ай сайын мешіттің жәшігін комиссиямен ашып, есеп-қисабын шығаратынбыз. Бір жолы жәшіктің кілті құлпына симай әуреге түсірді. Амал жоқ садақа құтысын сындырып аштық. Қарасақ жәшігімізде тиын-тебеннен басқа дәнеңе де жоқ. Бұл жағдай бәрімізге де ауыр тиды. Себебі, мешіт қызметкерлері жалақысын осы садақаның есебінен алатын. Келесі айда да дәл осындай жағдай қайталанды. Күн-көріс нәпақамызды елдің садақа-қайырынан айыратын бізге бұл жағдай тағы да аса ауыр тиді. Алыстан жау келмейтінін сезсек те, нақты дәлеліміз болмағандықтан, бір-бірімізге ештеңе айта алмадық. Не істерімізді білмей, ақырында мешіттің жөндеу жұмысына деп ашылған қордың есебінен бейне бақылау құрылғысын сатып алып, дүрбісін дәл жәшікке қарата бекітіп қойдық. Келер айдың соңына таман садақа құтысын ашпас бұрын бейне бақылауды бір қарап көрсек, мішітіміздің жап-жас тазалық қызметкерінің жәшіктің құлпын сындырып, ақшашын алып, сынған құлыптың орнына жаңа құлып салғаны айпарадай анық таспаға басылыпты.

Мұны көре сала Қуат (екінші най имам) екеуміз әлгінің жылап-сықтағанына қарамай желкесінен түйіп-түйіп жіберіп, дедектетіп бас имам алдына алып келдік. Басекеңнің құзырына келе салысымен сұқанақ қызметкеріміз өзінің тұл жетім, ішірге асы, киерге киім жоқ екенін айтып ойбайды кеп салды дейсің. Ермек екеуміз оның бұл жанұшырқан айқайын иә әртістікке иә ақиатқа баларымызды білмей абдырап тұрғанбыз. Бір қарасақ Басекең ебіл-дебіл болып жылап, «Бауырым-ау, мұныңды неге бұрын айтпағансың? Бауырым-ау, бауырым...» деп зар қағып тұр. Онысымен қоймай, сейфін ашып, елу мың теңгені қолына ұстатып: «Бауырым-ау, тағы да ақшадан тарықсаң айтарсың. Біз қазақ жетімі мен жесірін жылатпаған елміз. Қолдан келер көмегімізді аямаспыз» деп әлгіні ұзақ уақыт құшағына қысып тұрды» деп болған жәйтті қаз-қалпында баян еткен-ді...

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5290