Жексенбі, 20 Сәуір 2025
1877 0 пікір 14 Сәуір, 2023 сағат 15:11

Мысыр Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдық мерейтойын атап өтуге атсалысады

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Мысыр Араб Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Манал Эль-Шиннавиді қабылдады.

Тараптар екі ел арасындағы салалық бағыттар бойынша ынтымақтастықты нығайту, медиа, дін, жастар саласында ортақ жобалар жасау, өзара тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады.

Министр Дархан Қыдырәлі Ұлы даланың даңқты перзенті Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығына орай арнайы деректі фильм түсіріліп, үлкен зерттеу еңбегі әзірленіп жатқанын атап өтті. Сондай-ақ, Мысыр тарапын алда өтетін Халықаралық волонтерлер форумына шақырды.

Өз кезегінде Мысыр елшісі Манал Эль-Шиннави Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдық мерейтойын кең көлемде атап өтуге атсалысуға ниетті екенін жеткізді. Сонымен бірге, жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және бірлескен жобаларды іске асыруға дайын екенін айтты.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2058
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4919
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4119