Дүйсенбі, 7 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 4211 0 пікір 25 Сәуір, 2013 сағат 00:50

Жолымбет Мәкішев. Қазақтың байлығы – Кимнің Лондондағы үйі...

Көп жылдық зерттеуден кейін Гайд-паркке жақын маңдағы қымбат үйлерді сатып алған адамдардың есімдері мәлім болды.  Лондондағы көппәтерлі ең қымбат үй One Hyde Park-ке иелік ететін британдық «Candy & Candy»   девелоперлік  компаниясы өз клиенттерінің тізімін жариялады.

Мәселен, Катардың премьер-министрі Қамад бин Жабер әл-Танидың Найтсбридждегі әйнек мұнаралы үйдің қожайыны екені анықталды. Оның баспанасы 18 миллион доллар тұрады екен. Оның көршісі Украинаның ең ауқатты адамдардың бірі Ринат Ахметов.  Сонымен бірге, қазақ милиардері, «Қазақмыстың» президенті Владимир Ким мен әнші Анар Айтжанованың пәтері де оларға іргелес тұр. Бұлардың баспанасы да Катарлық миллиардерден асып кетпесе, кем түспейді. One Hyde Park - Лондондағы элиттік жаңа құрылыс нысандарының бірі болып табылады. Oның бірінші қабатында Rolex-тің бутигі, McLaren Automotive мен Abu Dhabi Islamic Bank-тін кеңселері орналасқан. Үйдің астыңғы қабатында спа-комплекс, 25 метрлік бассейн,кинотеатр, гольф алаңы мен банкет залы орын тепкен. Жер астындағы дәліз арқылы One Hyde Park-тен Mandarin Oriental отеліне баруға болады. Гайд-парк пен Найтсбридждің ортасында тұрған бұл кешен қазіргі таңда «супер қалталы» азаматтардың сүйікті тұрағына  айналған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 927
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2404
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 636
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 617