Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 5901 0 пікір 29 Сәуір, 2013 сағат 05:12

Гүлзада Ниетқалиева. Сөйлеймін Айдың тілінде, сүт сәуле болып құйылам...

Жердег тірлік жүдетті, жетер,

Ұшам деп қанат байландым.

Күйбеңмен күйкі күн өтті бекер,

Жібермей мені қойған кім?

 

Ұшар ем алтын торына қамап,

Жердегі тірлік байлаған.

Келер деп қашан жолына қарап,

Тордағы құстай айналам.

 

Алтын торына алдандым бәлкім,

Қоныппын әлде адасып?

Көрдім айлакер жалғанның қалпын,

Түрі жоқ келер жаны ашып.

 

Жүрегім қанша сыздамақ менің,

Татқызбай өмір тәттісін?!

Қашанғы торда ұстамақ едің,

Арманның Ардай Ақ құсын?!

 

Ххх

Келер деп қашан көктемім енді,

Айтады әнін сырғатал.

Менің де тал боп көктегім келді,

Нөсерге сырын тыңдатар.

 

Жапырақ болып ашылғым келді,

Көктемге сырын шертетін.

Жалғанға мынау бас ұрдым, жеңді,

Тәмам боп ғажап ертегім.

 

Еркіңді билер еркелік тәмам,

Сырғатал, жалғыз арманда!

Күзгі жел сырын шертеді маған:

Дұрыс деп көнген жалғанға.

 

Жүректің өртін сөндіру қиын,

Қиналып іштей маздаймын.

Жалғыздыққа оны көндіру қиын:

Адасып қал,ан қаздаймын...

 

Ххх

Түсінде көріп көктемін назды,

Сырғатал жалғыз мұңайды.

Байқамай қалып өткенін жаздың,

Жапырағы желге құлайды.

 

Жердег тірлік жүдетті, жетер,

Ұшам деп қанат байландым.

Күйбеңмен күйкі күн өтті бекер,

Жібермей мені қойған кім?

 

Ұшар ем алтын торына қамап,

Жердегі тірлік байлаған.

Келер деп қашан жолына қарап,

Тордағы құстай айналам.

 

Алтын торына алдандым бәлкім,

Қоныппын әлде адасып?

Көрдім айлакер жалғанның қалпын,

Түрі жоқ келер жаны ашып.

 

Жүрегім қанша сыздамақ менің,

Татқызбай өмір тәттісін?!

Қашанғы торда ұстамақ едің,

Арманның Ардай Ақ құсын?!

 

Ххх

Келер деп қашан көктемім енді,

Айтады әнін сырғатал.

Менің де тал боп көктегім келді,

Нөсерге сырын тыңдатар.

 

Жапырақ болып ашылғым келді,

Көктемге сырын шертетін.

Жалғанға мынау бас ұрдым, жеңді,

Тәмам боп ғажап ертегім.

 

Еркіңді билер еркелік тәмам,

Сырғатал, жалғыз арманда!

Күзгі жел сырын шертеді маған:

Дұрыс деп көнген жалғанға.

 

Жүректің өртін сөндіру қиын,

Қиналып іштей маздаймын.

Жалғыздыққа оны көндіру қиын:

Адасып қал,ан қаздаймын...

 

Ххх

Түсінде көріп көктемін назды,

Сырғатал жалғыз мұңайды.

Байқамай қалып өткенін жаздың,

Жапырағы желге құлайды.

 

Қазан да жетті дауылын алып,

Жыл құсы қайтып барады.

Алыста жаздың ауылы қалып,

Күрсініп Қиғаш ағады..

 

Өкпек жел қарып, қараша жетер,

Өңменнен өтіп ызғары.

Егілме, талым, балаша бекер,

Күтерміз көктем біз-дағы.

 

Жапырақ-жасты төгіп алғасын,

Жиналмай қинар қайтадан.

Кезекпен бізді өмір алдасын,

Аспан тұр басын шайқаған.

 

Қыс өтер, қайтып оралар көктем,

Несіне бәрін еледің?

Күн-Ана айтып тұра алар көктен,

Күтудің ғана керегін...

 

Ххх

Балалық шақтың арманы бар -ды:

Жалғады таңды таңдарға.

Үмітім әлсіз қармады талды:

Қанатың болсын самғарға!

 

Жалаңаяқпен жағаны кешіп,

Табаным тесіп қайыршақ...

«Сізден де қалар бұл жалған », десіп,

Толқындар жатар уайымдап...

 

Бала кез сол бір, ақжүрек , аңқау

Қиғашым, қалды жағаңда.

Сағынып сені қанатым талды-ау,

Жыр төктім сосын қаламға...

 

Ххх

Сенсіз күздің келгені де білінді,

Естелікті еміп көңіл жылынды.

Жапырақты қалтыратқан, жұлқылап,

Кезбе желге оқып тұрмын жырымды.

 

Сенсіз күздің қабағы да жабырқау,

Көрінбейді қуану мен таңырқау.

Желөкпе жел Жайық бойын сапырып,

Алағай да бұлағай боп...

Қапылды- ау...

 

Сенсіз күздің жүдеу екен қабағы,

Күзгі аспанның жасы жерге тамады.

Қылағайға мініп келген құдағи

Алды-артына қарамастан барады.

 

Тым ертерек келді күзім биылғы,

Бұлбыл құсым ән мен күйден тиылды.

Өлең ғана түсінеді жұбатып,

Жалғыздықтан құса болған күйімді.

 

Ххх

Сол бір жанның артық екен бағы да,

Сені жіпсіз арқандаған жанына.

Көлеңкеңде жүргенімді көп көрді-ау,

Таласпастан жүріп едім тағына...

 

Сен бар жерде деп ойлаушы ем бар ұшпақ,

Кеттің үнсіз мені жырға табыстап...

Күзгі жаңбыр айғыздайды бетімді,

Келеді деп жапырақ тұр нан ұстап...

Жапыраққа сендім.

 

Ххх

Сен өмірге келгеннен соң Ардақтым,

Өмір көшін болашаққа жалғаппын.

Ертеңімді елестетіп өзіңмен,

Талғажау ғып Үміт- талды қарматтың...

 

Сен өмірге келгеннен соң Ардақтым,

Нұрлы өмірдің нұрлы жолын таңдаппын.

Бесігіңді әлдиіммен тербетіп,

Шырқау шыңға, Қыран көкке самғаттың.

 

Сен өмірге келгеннен соң Ардақтым,

Күн де күліп, арайланып таң да атты.

Қылығыңмен қуандырған бөбегім,

Былдырлаған тілің қандай, бал -тәтті!

 

Ххх

Уілдейсің қызылшақа бөбегім,

Жөргегіңе махаббатпен бөледім.

Кіп -кішкене әлемнің бір бөлшегі,

Сені ойласам, жүректен жыр төгемін.

 

Уілдейсің, қол-аяғың бермейсің,

Сәл босатсам қуаныштан сермейсің.

Сені берген Жаратқанға шүкірлік,

Нұрлы өмірге, болашаққа төрлейсің.

 

Уілдейсің аяқ - қолың тырбаңдап,

Күлкіңменен мендік ғұмыр нұрланбақ.

Ең қымбатым сен екенсің Жердегі,

Бәрі өткінші: атақ, байлық, даңқ, мансап...

 

Ххх

Сен жатқанда уілдеп жөргегіңде,

Бас айналар бақыттан Жерде мүлде!

Күйбең тірлік күңкілі ұмыт болып,

Әлдиіммен самғаймын күнге бірге!...

 

Айналайын баладан деген өлең,

Көкірегіме күмбірлеп келе берген.

Аналық махаббатты тілмен айтып

Жеткізу мүмкін емес.

Бөлек екен!

 

Ххх

Сөйлеймін Айдың тілінде,

Сүт сәуле болып құйылам.

Аспанға көшем түбінде,

Қалады жерде бұйығы ән...

 

Нұрымен Айдың тілдесіп,

Жұлдызға ашам жанымды.

Жүректе жатыр мұң көшіп,

Сабырдан көңіл жаңылды.

 

Қайтемін, көнем тағдырға,

Жалғыздық маған жар ма деп!

Жүрегімдегі жаңбырға,

Жұбату айтар бар ма тек?!

 

Ххх

Былдырлаған кіп-кішкене балақан,

Жүрегімнен саған шуақ таратам.

Саған деген махаббатты мендегі,

Сезіне алмас бұл дүниеде жан адам...

 

Саған ермек бесіктегі сылдырмақ,

Маған өзің жыр оқисың былдырлап.

Мынау өмір айналды ма жұмаққа,

Сыр айтады құс тілінде күмбір бақ.

Менің орта көңілімді толтырдың,

Менің орта өмірімді толтырдың.

Қайда кеткен бұл күндері, шынымен,

Бір кездері көңілімде мол кірбің?

 

Сен арқылы айналды өмір жұмаққа,

Сенен балам, кете алмаймын жыраққа!

Сезінемін қайда жүрсем деміңді,

Былдыр үнің естіледі құлаққа!

 

Содан кейін үйге қарай ұшамын,

Қуаныш пен шаттық толып құшағым.

Сен арқылы қайта әкелген өмірге,

Шүкір айтып, Жаратқанға, құшамын...

 

Ххх

Балдырғаным, саған әркез асығам,

Барлық кезде табылсам деп қасыңнан.

Құлдыраңдап мені көрсең ұшасың,

Күн иісі бұрқырайды шашыңнан.

 

Бал тіліңмен қуантасың былдырлап,

Ай әлдилеп, есіміңді Күн жырлап...

Өткіземін әр күнімді өзіңмен,

Өзің барда жанда қалай мұң тұрмақ!

 

Киіміңнің бұрқыраған жұпарын,

Мейірленіп, махаббатпен жұтамын.

Жапырағым өзіңменен жайылар,

Бәйтеректен бүршік жарған бұтағым...

 

Хххх

Алыстадық па шынымен,

Суи ма енді арамыз?!

Жылытар жанды күнім ең,

Есен бол , деймін шарасыз!

 

Бақыттың татып бал дәмін,

Айналып еді басым да...

Елес боп бірге қалғаным,

Тиылар емес жасым да...

 

Жанымды жерге түсірдім,

Сәулесі Айдың жүдеуде.

Желөкпе желі күзімнің

Жапырақ жанды күреуде...

 

Ххх

Өкпе ме, мұң ба, түсінбей,

Жүректе қазір қалғаны....

Бейуақта көрген түсімдей,

Өмірдің сен ең, бар мәні...

 

Жапырақ -талды қармадым,

Талғажау қылып талғанда...

Қамап ап жанды таңға мұң,

Береді ерік арманға.

 

Бар кезің сенің бақытты,

Өң менен түстің арасы.

Сап сары моншақ тағыпты,

Сырғатал біздің, қарашы!

 

Налымай, сенбей, жыламай,

Көр де тұр, өмір сүремін.

Сыңар боп түнде тұрар Ай,

Шомылар нұрға жүрегім.

 

Емші деп сосын уақытты,

Жұбатам алдап өзімді.

Киіп ап тірлік-қамытты,

Етемін серік Төзімді.

 

Ххх

Тағдырды мендік білер кім,

Намыс пен мұңнан тұратын?

Сездірмей жағып, күлермін,

Сағынышымның шырағын...

 

Өзіңдей адам қайда деп,

Қайтемін Жанды ділгірген...

Намыс пен мұңнан тайма деп,

Жүрегіме айтып үлгіргем...

 

Өзіңде басым қалғандай,

Арылмас күнім кірбіңнен.

Бақытты шақты армандай,

Ақырын күтіп жүрмін мен...

 

Ххх

Тырналар айтты тыраулап әнін,

Қылаулаған-ды қар жанда...

Қарама баста қырауға, жаным,

Қинамаса ол , жалған ба?!

 

Күзгі аспан қалай тұнжырағанын,

Күн жылағанын жанымда...

Сезбейсің көңіл тыншымағанын,

Шарпылып сары жалынға.

 

Таланып мұңға талықсығамын,

Талып шыдамым, қиналғам,,,

Сенсіз таң атып, жарық шығарын,

Білсе де көзсіз, күйді Арман!

 

Көп болды көзге көрінбегелі,

Төрінде едің жүректің.

Айнадай көңіл көгімде менің,

Қос тамшы болып дір еттің.

 

Көп болды сені сезінбегелі,

Көзіңде еді мендік бақ.

Қайда кетті екен төзім дегенің,

Жанымды кім бар енді ұқпақ?!

 

Көп болды жаным жылынбағалы,

Ұғынбағалы мені ешкім...

Шырқырап асау құлын барады,

Сол ма екен әлде елес-күн...

 

Ххх

Не болады тағдырымыз?

Белгісіз,

Сенсіз күннің беті адам көргісіз...

Есіміңіз өмірімді бақытпен

Өрнектеген.

Айтса адам сенгісіз...

 

Сол есімнен тұратындай жарық кеп,

Жүрген едім жылы сөзге қарық боп...

Біздің көше бүгін сондай тынымсыз:

Бақыт іздеп сабылысқан халық көп...

 

Ххх

Сенсіз көктем.

Сәтсіз емес ол аса,

Күн анамыз жібек самал жолдаса.

Соның бәрі көңіліме жұбаныш,

Өзіңді ойлап, сарғай,аным болмаса...

 

Сенсіз көктем.

Күтуден еш жалықпай,

Көк аспанда бұлттар жүзді мамықтай.

Мынау жерде ауа жетпей тұншығам:

Жағалауға шығып қалған балықтай.

 

Сенсіз көктем,

Теректерге бүр шығып,

Көзін ашты ұйқыдағы тіршілік.

Аппақ бұлттан Саған сәлем жолдаймын,

Төбеңе кеп төгер жаңбыр, күрсініп.

 

Сенсіз көктем.

Ақ Жайықтан сең жүрді,

Бір бақыттың келеріне сендірді...

 

ххх

Санаулы күндер кездескен,

Тәрізді маған бал айы.

Боз жусанмын -ау, түзде өскен,

Аймалап күннің арайы.

 

Кермектеу дәмі тағдырым,

Жидітер осал таңдайды.

Сәуірдің күтіп жаңбырын,

Айтармын сыр ғып бар жайды...

 

Санаулы күндер бір болған,

Көрінер бір-бір ғұмырдай.

Жүрекке сосын жыр толған,

Өзгеге қойдым бұрылмай.

 

Татымас басқан ізіңе,

Қайтемін таңдап тексізді.

Кірсеңіз мейрам түсіме,

Сағынам ойлап тек Сізді!

 

Біз өскен сонау шағылда,

Түсінер мұңым бозжусан.

Бағынбай сезім ақылға,

Кемек жаспенен көз жусам.

 

Осынша бақты бұл тағдыр,

Басыма оңай бермепті.

Сәуірде жауған ақ жаңбыр,

Оның да дәмі кермек-ті.

 

Жусанды далам жаңарып,

Жаңбырмен жаңа түрге енер.

Сізсіз де маған таң атып,

Сізсіз де өмірім гүлденер...

 

Сағыныш-шөлге төзімді,

Жусаннан алғам еншілеп.

Аспанға айтам сөзімді:

Төземін мен де сенші деп!

 

Санаулы күндер...

Сіз бен Біз,

Жүрекке медеу сол ғана.

Екеуміз бірге жүрген із

Айқырып жатыр жағада...

 

Ххх

Көк мұхит бөлген арасын

Екеуміз екі құрлықпыз.

Жасырып жанның жарасын,

Жымиып жалған тұрдық Біз...

 

Бір болған күндер ертегі,

Бақыттан басым айналар...

Есейткен мендей еркені,

Өзіңдей адам қайда бар?!

 

Көк мұхит жатыр арада,

Алыстап кеттік неге біз?

Жағаға басқа барады, ә,

Бөлектеп мінген кемеміз...

 

Кездескен шақтар тәтті түс,

Қимаймын сол бір түсімді.

Самғайды сезім-бақыт құс,

Жасырса уақыт жүзіңді.

 

Түс сынды сол бір әйбат шақ,

Жылдардың қалған шаңында...

Көктем кеп, кетті жайнап бақ

Сағыныш жатыр жанымда...

 

Пендеге ерік берген бе,

Зымыран жылдар зулаған.

Бір бірімізді көргенде

Жүректер аттай тулаған...

 

Жасырып жұрттың көзінен,

Сабыр мен ұстам ұстанып.

Қара жер сынды төзіп ем,

Ұшпаққа бірақ, ұшпадық.

 

Арада мұхит тулаған,

Көз алмай тұрмын толқыннан.

Шағала -сезім шулаған:

Шын сүйсең егер бол құрбан!

 

Атырау қаласы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5286