Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 5814 0 пікір 30 Сәуір, 2013 сағат 04:44

Таңжарық Жолдыұлына арналған кеш өтеді

Биыл қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, әйгілі ақын Таңжарық Жолдыұлының туғанына - 110 жыл. Бар ғұмырын Алаштың азаттығы үшін арнаған Таңжарықтың есімі қазақ тарихынан өшпес орын алары сөзсіз. Ол - бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның ірге тасын қалап кеткен Алашорданың Қытай жеріндегі тікелей өкілі болды. Алаш идеясының таратушысы, жоқтаушысы атанды. Соның салдарынан сол кездегі Қытай өкіметінің аяусыз езгісіне ұшырап, бар-жоғы 44 жасында бұ дүнидемен қоштасты есіл Ер!

Бүгін сағат 16:00-де, Алматыдағы Жазушылар Одағында  ақын рухына арналған салтанатты кеш өтеді. Сәлиқалы әңгіме, әсерлі ән тыңдағыңыз келсе, Әдебиетшілер үйіне тартыңыз, қадірлі қауым.

Ақын Таңжарық Жолдыұлының «Түрме халі» толғауынан үзінді:

...Бәрі өлді Үрімжінің қаласында,
Қырық екі, қырық үшінші жыл арасында.
Қорлықпен сол сабаздар кетті арманда,
Балаңның қалды бұл кек баласына.

Өлсек те, өлмес біздің атағымыз,
Белгілі істеп жүрген «шатағымыз».
Алыстан алтын сәуле бір күлімдер,
Болғанмен қазір түнек жатағымыз.
Алатын құнды қуып иеміз бар,
Біз де елміз шөберелі, аталымыз.

Зұлымға рас қарсы тұрғанымыз,
Ол да рас, құпия ұйым құрғанымыз.
Кекпенен қолымызға құрал алып,
Желкеден гоминдаңды ұрмағымыз.

Келсеңдер үрімжінің қаласына,
Көзің сал қалтарыс, сай-саласына.
Осыны өле-өлгенше ұмытпа деп,
Тапсырып кет балаңның баласына.

Көргенін атасының оқып көрсін,
Кектеніп, көзін салып, көңіл бөлсін!
Бабамның тарихы деп табын танып,
Залымнан кегін алып, қолында өлсін!

Келеді түн орнына жарық сәуле,
Сенемін, емес мұным бекер әуре.
Сөзімнің түбін ойла енді елім,
Қолыңа осы сөзім тисе зәуде.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036