Жексенбі, 24 Қараша 2024
Көршінің көлеңкесі 2854 8 пікір 24 Сәуір, 2023 сағат 14:18

9-мамыр: Қазақстан әскери шеру өткізбейді

Еліміз Екінші дүниежүзілік соғыстың тәмам болған күніне орай әскери салтанатты шеру өткізуден тағы да бас тартты. Мұны ҚР Қорғаныс министрлігі мәлімдеді.

Қуантатыны сол, аталмыш министрлік 2019 жылдан бері жыл сайын «шеру бюджет қаражатын үнемдеу және басқа да мәселелерді шешу қажеттілігіне байланысты жоспарланбағанын» айтып келеді. Посткеңестік елдердің арасында «бас тарту» үрдісі белең алғалы қашан!

9-мамыр болса ТМД елдерінің басшыларын түгел шақырып алатын Путин кейінгі шеруде «Дүниежүзіндегі екінші қуатты әскеріне» қу тізесін құшақтап қарап отырған. Кремльбасы бұл жолы да қырық жамау танкісі тұмсығына сүрініп алдынан өтіп бара жатқанда өз көлеңкесіне қорқасоқтап қарап қойып, «ұлы орыс әлемі жайлы асқақ арманын» кезекті рет айқайлап айтатын болар. Өйткені үшбу шеру – шовинизмнің шоғын үрлеуге арналған құрал ғана. Ал Путин Ресей тұрғындарын тек импералистік идеялармен «ұстап отырғанын» сіз де, біз де, тіпті өздері де жақсы біледі.

 

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3260
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5576