Сенбі, 31 Қазан 2026
2338 0 пікір 24 Сәуір, 2023 сағат 15:27

Қазақстан Жейхан портымен Румынияға мұнай жеткізеді

Қазақстан Түркияның Жейхан порты арқылы Румынияға мұнай жөнелтуді бастады.

Бүгін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма Төрағасы Мағзұм Мырзағалиев Түркияның Жейхан портына барып, «ҚазМұнайГазға» тиесілі Румынияда орналасқан «PETROMIDIA» мұнай өңдеу зауытына Қазақстан мұнайын жөнелту барысымен танысты.

Жейхан портынан көлемі 80 мың тонна мұнайдың бірінші партиясы отандық ALATAU танкерімен Petromidia мұнай өңдеу зауытына тасымалданады.

Жалпы «Ақтау-Баку-Джейхан» бағыты бойынша жылдық көлемі 1,5 млн тонна мұнайды тасымалдау туралы бес жылдық келісім бар.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 1324
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1884